Отандық өнім әлеуетін арттыру
Бизнеске қолдан заңсыз тосқауыл жасау, бұл – мемлекетке қарсы жасалған қылмыс. Сондықтан кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін жетілдіру, яғни нығайту қажет. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев өз жолдауында айтып өткен еді. Нарықтағы отандық өнімнің әлеуетін арттыру бойынша бірқатар жаңашылдықтар жүзеге асырылмақ. Біздің тауардың экспортқа шығуын жетілдіріп, сапасыз импорттық өнімдердің санын азайту жөнінді Айжан Бижанова айтып өтті. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі өңіріміздге іссапарымен келген болатын.
ҚР сауда және интеграция вице-министрі Павлодардағы жұмыс сапары аясында бизнес жүргізудегі жаңа бағыттарға тоқталды. Осы күні отандық өнімдер арасында бренд болып қалыптасқандары аз емес. Оларды жай ғана қолдап қою жеткіліксіз, шетелге шығарып, экспорттық әлеуетін арттыру маңызды. Осы орайда, өндірушілердің жекелей емес, барлығының бірге шетелдік сұранысқа ие болу үшін нақты жұмыс қолға алынбақ.
Айжан Бижанова ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі
Қазақстандық тауарлар дүкен сөрелерінде, қымбат, ал шетелдік тауар арзан болуы да нарықтағы жағдайға кері әсерін тигізуде. Сапасыз өнім бағасы әрқашан да төмен болады. Сондықтан олардың шекарадан өтуін күшейті қажет.
Мемлекет пен бизнес арасындағы өзекті мәселе осы болмақ. Бұл туралы Президент те өз жолдауында атап өткен еді. Импорттық тауарлардың құны қолдан төмендетіліп отыр. Ал отандық өнімдердің ішкі нарыққа шығу жолы әдейі шектеліп жатады. Сондықтан нақты әрекет жасау аса маңызды.
Дархан Бекишев