Қазақ халқының дәстүрі ислам дінімен терең тамырласып, моральдық үндестік тапқан. Ғасырлардан бері осы жарасымдылық ұлттың айрықша мәдениетін қалыптастырды. Ал, бұл үрдісті әрмен қарай жалғастыру бүгінгі күннің де міндеттерінің бірі. Бұл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында атқарылуы тиіс жұмыстардың негізгі бағытттарының бірі.
Дін – адамзамттың рухани тірегі. Қай уақыт болмасын ссаналы жаратылыс иесі Жаратушыға деген ықыласын білдіріп келеді. Бүгінде діни айырмашылықты ту етіп, әр жерден іріткі тудырғысы келетін теріс пиғылды күштер жоқ емес. Алайда, Қазақстан ұстанымы береке мен бірлік.
Әриние, ел іргесін берік ұстау үшін мемлекеттің атқаруы тиіс міндеті бар. Алайда, бұл мәселеде халықтың да ойы мен танымының бір арнаға тоғысқаны аса маңызды.
Дәстүр ұлттың төл мәдениеті. Дүниетанымы, философиясы. Қоғамдық қарым-қатынас негіздері. Дінді сылтау қылып, дәстүрден алшақтату ұлтқа жасалған қиянат болар еді.
Конференция барысында ғалымдар ұлттың мәдениеті мен рухани бірлігіне қатысты баяндамалар жасады. Ислам діні терең қанат жайған қазақ даласының бай тарихы мен мазмұнды құндылықтары жайлы құнды пікірлер айтылды.
Алашқа аты мәлім Мәшһүр Жүсіп сияқты тұлғаларды үлгі етіп, темірқазық қылып болашаққа қадам басу жөн болмақ. Өзішінен шыққан ұлыларды пана тұтпаған елдің мәдени күйреуі де оңай болмақ.
Жанасыл Серікбол