Павлодарлық студенттерге өнегелі өмірімен, көркем сөз өнеріндегі қарымымен танылған жергілікті қаламгермен жүздесу мүмкіндігі туды. Мазмұнды шара туралы тілшіміз тарқатады.
Сөз арқылы адам жанын емдеуге де, қоғамды оятуға да болады. Сондықтан мұндай кездесулер жастарды рухани дамуға жетелейтін маңызды қадам. Әрі сөз өнеріне құштар студенттерге рухани азық беру, оларды жергілікті қаламгерлермен жүздестіріп, шабыт бере түседі.
Серік Елікбай, Қр жазушылар одағының павлодар облысындағы өкілі, профессор
Ең асты дүние қалам ұстаған жандардың да тура өздері секілді аға-апалар екендігін түсіндіру. Және артықта емес, кемде емес тек солар секілді қызмет істеу, әдебиеттен алыстап кетпеу. Жалпы, өткен жолы біздің Президентімізде айтты біз мемлекеттік тілді дамыта беретіндігіміз анық. Ал мемлекеттік тілді жасайтын, соны жұртқа ұсынатын ақын-жазушылар,журналистер.
Кездесудің басты қонағы қалың оқырманға арқаның арқалы ақыны деп танылып кеткен, әрі жазушы, шежіреші Сайлау Байбосын болды. Ол облыстық «Ақбеттау» журналы мен туындылары жайлы сөз етті. Әсіресе, шынайы оқиға желісімен жазылған «Ажалын жоғалтқан адам» романы оқырманның ыстық ықыласына бөленіп үлгерген.
Сайлау Байбосын, Қр еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ақын, жазушы
Менің мынау Ақбеттау журналым қазір облыстағы қазақтілді жалғыз журнал ғой. Биыл шығып жатқанына 8 жылдан асып бара жатыр. Осы журнал жөнінде, не жариялап жатыр, мақсаты қандай дегенді талқыламақпыз. Одан бөлек, жалпы қаламгерлерімен кездесу ұйымдастыру деген ертеден бар дәстүр ғой. Басқа жерлерде жиі болып жатады, біздің өңірде жақсы бастама, мұны әрмен қарай жалғастыру керек секілді.
Шара барысында қатысушылар қаламгердің шығармашылық жолын, әдебиетке қосқан үлесін кеңінен талқылады. Әріптестері оның қаламынан туған туындылардың тіл байлығы мен көркемдік ерекшелігін ерекше атап өтті.
Жұмағали Қоғабай, Екібастұз қаласының құрметті азаматы
Сайлау Байбосын кім екенің жұрт біледі. Әрі ақын, әрі жазушы, әрі публицист, әрі өлкетанушы, бір тыным таппай жұмыс істеп жүретін азамат. Былтыр оның «Ажалын жоғалтқан адам» деген романы шықты. Оқырмандар тарапынан қолдау тапты,қызығып оқитын кітап болды.
Бұл кездесу жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға арналды. Өз кезегінде студенттер көкейде жүрген сауалдарын қойып, болашақта шығармашылықпен айналысу жайлы кеңестер алды. Қаламгерге құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықта табысталды.
Қымбат Садық