Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушыларына арналған техника мен арнайы құралдардың жай-күйі тексерілді. Қазіргі таңда департаменттің техника паркі 75 пайызға жаңартылған. Толығырай алдағы сюжетте.
Төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарының тиімді өтуі үшін техника мен құрал-жабдықтар әрдайым дайын болуы керек. Қазіргі кезде олардың басым бөлігі заманауи технологиялармен қамтамасыз етілген. Биыл 17 құтқару және өрт сөндіру техникасы пайдалануға берілді.
Рустамбек Амрин, Павлодар облысы ТЖД басшысы
Бүгін біз өз автопаркімізді таныстырдық – бұл жоғары өтімді, маневрлі, заманауи техникалар мен жүзу құралдары, сондай-ақ жабдықтар. Айта кеткім келеді, бұл – озық технологиялы жабдықтар, сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттары да бар.
Департамент басшысы атап өткендей, озық технологиялардың бірі – дрон. Жазда жағажайда демалушыларға ескерту жасап, бақылау жүргізу үшін осы дрон қолданылды. Қазір құтқарушылар оны басқаруды жетілдіру мақсатында IT колледжімен меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр.
Рустамбек Амрин, Павлодар облысы ТЖД басшысы
Без пилотные летательные аппараты Ұшқышсыз ұшу аппараттары жасанды интеллектіні қолдануға мүмкіндік беретін бағдарламалармен де жабдықталған. Ол – деректерді есептеу, талдау және тиісті шешімдер қабылдауға арналған аналитикалық анықтамалар әзірлеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, адам қолы жетпейтін қауіпті аймақтарды бақылауға арналған робот та енгізілмек. Осылайша, Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздікті одан әрі нығайтады.
Байтұрсын Жұмабай