Шарбақты ауданының тұрғындары үшін көптен күткен жаңа демалыс орны ашылды. Ауылда балалар, футбол ойын алаңы бар заманауи саябақ пайдалануға берілді. Енді тұрғындар бос уақытын орталықта тиімді әрі пайдалы өткізе алады.

Жергілікті тұрғындар бірнеше рет билікке жаңа алаң салу мәселесін көтерген еді. Бұл ұсыныс ескерусіз қалмай, нәтижесінде жаңа сквер салынды. Айта кетейік, нысан демеушілердің қолдауымен тұрғызылған.

Светлана Шпехт, Шарбақты ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы

Көріп отырғандарыңыздай, бұл скверде бірнеше алаң бар. Мұнда футбол, баскетбол және волейбол ойнауға арналған спорт нысандары орналасқан. Тартан жабындысы, заманауи әрі сапалы. Сонымен қатар, балалар мен олардың ата-аналарына арналған толық жабдықталған ойын алаңы салынған. Сквер аумағына көшеттер отырғызылып, орындықтар мен жарық шамдары орнатылған.

Аудан орталығында бірнеше парк бар. Алайда ауылдың оңтүстік бөлігінде орналасқан бұл скверге тұрғындар жиі келеді.

Светлана Шпехт, Шарбақты ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы

У нас на северной стороне есть площадка, на южной тоже есть.. Біздің ауылдың солтүстік және оңтүстік бөлігінде де алаңдар бар. Бірақ мында адамдар көбірек келеді. Оның тазалығы үнемі бақылауда. Балалар да мұнда қуана келеді, ал тұрғындар қоғамдық мүлікке ұқыппен қарайды.

Осы жылы аудан орталығымен қатар, бірнеше елді мекенде осындай парктер ашылды.

Әйгерім Тоқпанқызы