Шарбақты ауданы Қрасиловка ауылында 60 жылдан кейін алғашқы рет мектепке жөндеу жүргізілді. Білім ордасы қалай өзгерді? Келесі сюжетте көрейік.
Қрасиловка орта мектебінің іргетасы 1963 жылы қаланды. Осы уақыт ішінде бірнеше рет жөндеу жүргізілгенімен, биылғыдай кең көлемде жаңғырту алғаш рет өткізіліп отыр.
Светлана Шпехт, Шарбақты ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
«Мектептің шатырын ауыстырды. Қасбеті толық жаңартылды. Жылу жүйесі, жарықтандыру және желдету жүйесі түгелімен жөнделді. Еден төселіп, есік-терезе ауыстырылды. Мектеп ауласы абаттандырылып, брусчатка төселді, футбол алаңы жөнделді.
Жаңартылған мектеп оқушылар мен ата-аналардың көңілінен шықты. Білім ордасы тек сабақ өтетін орын ғана емес, сонымен қатар балалар үшін жайлы әрі заманауи ортаға айналды.
Светлана Шпехт, Шарбақты ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
«Барлық оқу кабинеттері жаңа жиһазбен жабдықталды. Химия, биология және физика пәндеріне арналған үш мамандандырылған кабинет ашылды. Спорт залы да күрделі жөндеуден өтті. Мен өзім осы мектептің директоры болғам, маған бұл өте жақын. Бұрынғы түлектер де мектептің бүгінгі келбетін көріп, таңданыстарын жасыра алмай жүр. Мектеп шын мәнінде заманауи және көрікті ғимаратқа айналды.»
Бүгінде білім ошағында 60-тан астам оқушы білім алады. Мұғалімдер құрамы толық жасақталған, білім беру үрдісі заманауи талаптарға сай жүргізілуде.
Әйгерім Тоқпанқызы