Бүгін Әлихан Бөкейханов атындағы лицей мектеп қабырғасында жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының қалалық іріктеу кезеңі өтті. Оған шаһар мектептерінің 200 ден аса шәкірті қатысты. Ғылыми доданың өту барысы жайында тілшіміз толықтырады.

Бүгінгі заман білімді жастардың қолында. Ізденіп, зерттеу жүргізетін оқушылар бүгін білім ошағында жиналып, сүйіп оқитын пәндері бойынша ғылыми жарысқа түсті. Бұндай зияткерлік шаралар жыл сайын ұйымдастырылады. Әрі қатысушылар саны артқаны байқалады.

Ақмарал Мұхаметжанова, «Павлодар дарыны» орталығының басшысы

Жалпы осы конкурса қатысу үшін 276 жұмыс түсті. Оның 34-і командалық жұмыс топ. 36 қала мектебінен 310 оқушы қатысып отыр. Негізі бұл конкурс 4 бағыт бойынша өткізіледі. 16 секция бойынша. Осы қалалық кезеңнен өткен оқушылар олар облыстық іріктеу кезеңіне өткізіледі. Павлодар қаласы атынан.

Озық ойлы, көкірегі ояу, ізденіс жолындағы жастар 4 бағыт 18 пән бойынша жұмыстарын қорғады. Олардың қатарында аталған сайысқа екінші жыл қатарынан қатысып отырған Амина Хамитова бар. Ол былтыр әдебиет пәні бойынша қатысып 3 орын иеленген еді. Биыл өлкетану бағытын таңдап отыр.

Амина Хамитова, Ә.Бөкейханов атындағы лицей-мектебінің 10-сынып оқушысы

Менің бүгін қорғаған тақырыбым еңбегін елге арнаған Қаныш. Бұл жобада Қаныш Сәтпаевтың өз заманда көрегендігі туралы айтылады. Өз заманды АЭС керек екенін жайында айтқан болатын. Ол қазір шындыққа айлануда.

Зияткерлік сайыс жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, болашаққа жол ашады. Қалалық кезеңде үздік деп танылған жобалар енді облыстық додада сынға түседі.

Әйгерім Тоқпанқызы