Экология департаментінің мамандары жас экологтарға арнап зауытта экскурсия жүргізді. Бұл шараны олар Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның 35 жылдығына орай орайластырды. Студенттер зауыттағы заманауи экологиялық бақылау жүйелерін көрді.Толығырақ келесі сюжетте.
Шара мақсаты — студенттердің өндірістік үдерістер мен ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда қолданылатын экологиялық стандарттарды практикалық түрде түсінуін қалыптастыру. Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты сақтау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру — қазіргі заманның өзекті міндеттерінің бірі. Әсет Сыздықов, экология департаменті басшысының орынбасары
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан — 2024 жылдан 2029 жылға дейін» экологиялық мәдениет концепциясын бекітті. Бұл концепцияның бағыттарының бірі — жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Бүгін өткен кездесуде студенттер шығарындыларды автоматтандырылған мониторинг жүйесімен танысады. Бұл жүйе кәсіпорында былтыр енгізілген еді. Оның арқасында нақты режимде фактикалық шығарындыларды бақылауға болады. «Қазақстан алюминийі» АҚ өкілдерінің айтуынша, ағымдағы жылы шығарындылар көлемі гибридті сүзгілердің арқасында 5,5 мың тоннаға дейін азайтылған.
Тур барысында студенттерге кәсіпорынның экологиялық саясаты түсіндірілді. Бұдан кейін ашық сұрақ–жауап сессиясы өткізілді. Бұл сессияда кәсіпорынның қоршаған ортаны қорғау бағытындағы инновациялық жобалары мен болашақ жоспарлары талқыланды.
Мақсұт Жақыпов, «Қазақстан алюминийі» АҚ бас экологы
Біздің экологиялық бағдарламамыз ашық әрі қолжетімді. Ол 2018 жылы әзірленген. Бағдарлама үлкен инвестицияларды талап етеді және бірнеше кезеңге бөлінген. Қазіргі уақытта біз атмосфераға шығатын қатты бөлшектерді азайту және қысқарту кезеңін жүзеге асырып жатырмыз. Біз 6 электрофильтрді және тазарту деңгейін қамтамасыз ететін гибридті сүзгілерді ауыстырдық.
Республикалық бастаманың аясында өткізілген бұл тур жастардың экологиялық мәдениетін дамытуға, білім алуды қолдауға және бизнес пен үкімет арасындағы байланыстарды күшейтуге бағытталды.
Динара Ждеулова, 2 курс студенті
Біз бүгін өз группамызбен бірге Алюминий зауытына келдік. Барлығы өте қызықты болды. Бізге зауыттың тыныс-тіршілігі көрсетілді. Бұл біз үшін өте үлкен тәжірибе деп білемін.Мен эколог мамандығына оқып жатқаннан кейін маған осындай экскурсиялар өте қызық. Болашақта зауытта жұмыс істер едім, себебі бұл менің жаныма жақын.
Студенттер үшін ұйымдастырылған бұл таныстыру туры экология саласындағы теориялық білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік берді. Кәсіпорынның экологиялық жобалары мен жаңа технологиялары туралы біліп, жастар өздерінің болашақ мамандықтарына деген ынтасын арттырды. Сонымен қатар, кәсіпорын мен білім беру мекемелері арасындағы байланысты нығайту арқылы Қазақстанның экологиялық мәдениетін дамытуға септігін тигізді.Айта кетейік әр сәрсенбі сайын Алюминий зауыты ашық есік күнін өткізеді.
Дильназ Қуанышбекқызы