Железин ауданы биыл ауыл шаруашылығы саласында ерекше нәтижелерге қол жеткізді. Жергілікті шаруашылықтар егіс алқаптарын кеңейтіп, өнім шығымдылығы артты. Диқандардың еңбегі ақталып, тұрғындардың тұрмысы да жақсарып келеді. Бұл туралы «Әкім сағаты» жобасында Железин ауданының әкімі Айтуған Шайхимов баяндады.
Железин ауданында күзгі жиын-терім науқаны аяқталуға жақын. Биыл егістік алқабы 208 мың 800 гектарға жетті. Бұл былтырмен н салыстырғанда 7,6 мың гектарға көп. Шаруашылықтар науқанды жоспарға сай жүргізіп келеді. Биыл егін сапасы да жақсы. Шаруалар өнімді уақтылы қабылдау мен сақтау үшін қоймаларды алдын ала реттеген.
Айтуған Шайхимов, Железин ауданының әкімі
Бүгінгі күні кейбір шаруаларда алынбай қалған бидай, арпа, сұлы бар. Ең негізгісі қазіргі күні күнбағыс бар әлі алынатын. Бірақ, күнбағыстың уақыты жаңа келіп жатыр. Ол суық түскен кезде жиналатын дәнді дақылдардың бірі. Бұл жерде айта кететініміз биылғы жыл облысымыз үшін, біздің ауданымыз үшін де ауа-райы өте қолайлы болды. Егін бізде бітік шықты. Өткен жылмен салыстырғанда дизхандар жақсы өнім алып жатыр. Жағдайларын жақсартып жатыр. Мысалы, екі жыл бұрын гектарына 7 центнер, өткен жылы 12 центнер, биыл мысалы бидайды 18 центнермен орташа есеппен алып жатырмыз.
Облыс әкімі берген тапсырмаға сәйкес, биыл алқаптарды әртараптандыру ісі жүйелі түрде жүргізілді. Былтыр 31 мың гектар жерге күнбағыс егілсе, биыл көрсеткіш 20 мың гектарға артып, жалпы көлем айтарлықтай ұлғайды. Сонымен қатар, қоймаларға 65 мың тоннадан астам картоп жиналды. Бұл былтырдан едәуір көп.
Айтуған Шайхимов, Железин ауданының әкімі
Енді күнбағыс ылғалға төзімді дақыл. Оның бағасы да мысалы бидайдан гөрі артық. Сондықтан, биылғы жылы дихандарымыздың да жағдайы жақсы. Оның есесіне ауданның бюджетіне түсетін түсім де жоғары болады деп күтілуде. Бұл екі жақта да тиімді шара. Одан басқа, көкөніс өсіретін ауданбыз, өздеріңіз білесіздер. 1700 гектар жерге көкөністер егілді. Биыл дихандардың айтуынша көкөніске де қолайлы жыл болды. Ылғалдың мөлшері, күн райының қатты ыстық болмауы көкөніске әсер етіп, былтыр картопты 370 центнерден гектарына жинасақ, биыл 410 центнерден жиналды.
«Әкім сағаты» жобасында бұған дейін де жасанды интеллект негізінде әзірленген жүргізуші Адалбек сұрақ қойды. Әңгіме барысында Адалбек аймақтың қысқы маусымға дайындығына қатысты келесі сауалын жолдады.
Айтуған Шайхимов, Железин ауданының әкімі
Рахмет сұрағыңызға. Әрине қысқы мәселе дайындық бар. Бізде енді аудан басқа аудандарға қарағанда ерекше. Бізде аудан орталығының 50 пайызға жуығы орталықтандырылған қазандық арқылы жылыту беріледі. Аудан орталығының өзінде 5 қазандық бар. Бүгінгі күні бәрі жұмыс істеп тұр. Одан кейін, білесіздер қазандық салынды, ол жерде бірақ мәселлер болған. Жаңа қазандық өткен жылғы қысты жақсы өткізді. Биыл да жақсы болады деп ойлаймыз. Көмір жеткізілді. 3 ауданда көмір сататын 3 орын бар.
«Әкім уәдесі» айдарында аудан басшысы алдағы жоспарларымен бөлісті. Биыл барлық ауылдарда шағын футбол алаңдары салынып, балалардың қызығушылығы атрқан. Бұрын ауданның «Арман» футбол клубы облыс деңгейінде жетістікке жеткен. Сол тәжірибені қайта жандандыру көзделеді. Аудан әкімі келер жылы жас спортшыларға арнайы формаларын алып беруге уәде берді.
Сабина Жолдаспаева