Павлодар облысының шаруалары төрт түлікті қыстатуға дайын. Ведмоства өкілдері осылай деп отыр. Шөп бағасы өткен жылмен салыстырғанда 5-10 пайызға қымбат болғанымен, жеткілікті дейді мамандар.

Облыс шаруалары биыл 296 мың бас жылқы, 485 мың бас ірі қара, 651 мың бас қой мен ешкіні қыстатады. Бұдан бөлек өзге де ауыл шаруашылығы жануарлары бар. Олардың саны 695 мың. Ірі қараның 63 пайызы, қой мен ешкінің 51 пайызы, жылқының 69 пайызы шаруа қожалықтарынікі. Қалғандары халықтың қолындағы түліктер.

Облыс аумағында 2 мыңға жуық жайылым алқабы бар. Оның 500 ге жуығы қыс мезгілінде де төрт түліктің тебіндеуіне қолайлы. Биыл мал шығымы болған жоқ. Төрт түліктің күйі жақсы екендігін де айтты мамандар. Тағы бір бөліп айтары, жеке-қосалқы шаруалардың шөппен қамтылуы жергілікті әкімдік пен ірі шаруалар арасындағы келісіп негізінде іске асып жатыр.

Биылғы шабындықтан түскен шөптен бөлек, былтырдан қалған жем – шөп қоры да бар. Ол да төрт түліктің амандығы үшін сақталып отыр. Бастыты қысқа дайындық қалыпты.