«Запорожец» көлігімен жол апатына түскен Павлодарлық зейнеткер ауыр науқасқа шалдыққан балаларға көмектесу үшін 4 млн, теңге аударды. Ефим Купин бұл халықтың ықыласы арқасында жасалған қамқорлық-дейді. Естеріңізге сала кетейік, 85 жастағы қария осыдан бір ай бұрын Камри көлігін соғып, кінәлі деп танылған болған. Пұшайман күйде тұрған қарияның суреті әлеуметтік желіде тарап,жұртшылық арнайы есепшотқа қаржы жинай бастады. Қазақстандықтардың қанша ақша жиғаны нақты айтылмайды. Бірақ зақым келтірілген көлік құралын жөндеуге ғана емес, одан біраз артылып қалғаны рас- дейді Ефим Купинға көмектескен азаматтар. Ал, Абай облысының азаматы қарияға өзінің иелігіндегі «запорожец» көлігін сыйға тартты.  

Ефим Купин, қала тұрғыны:
Маған көмектескен барша адамдарға рахмет. 4 млн. теңгені мұқтаж балаларға аудардық. Әлеуметтік желіде нақты кімге ақша берілігенің жариялаймыз.