Павлодар облысы бойынша жайылымдық жердің жалпы аумағы 8,3 млн гектар. Оның 1,6 млн гектары халық мұқтаждығына арналған. Десе де өңірімізде жайылымдық жердің тапшылығы әлі де күрделі деуге болады. Жердің кейбір алпауыттарға жөн-жосықсыз таратылып кетуі себебінен ауыл халқының тынысы тарылған жағдайлар да аз емес. Ал, мемлекет басшысы заңсыз берілген жерлерді кері қайтаруды, жерді әділетті түрде беруді тапсырған еді. 
 
Осы тапсырмаға сәйкес жаңа жайылымдық жерлерді айналымға енгізу мақсатында биыл 26 конкурс өткізілген. Осылайша облыс тұрғындарына және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 255 мың га жайылымдық жер берілді. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 9 конкурс өткізу жоспарлануда, онда 120 мың га астам жайылым жер берілу көзделген.
Руслан Дәуітбаев, жер қатынастары басқармасының басшысы:
Әкімдіктермен бірлесіп, жыл басынан бері әр елдімекен бойынша талдау жүргіздік. Нәтижесінде жалпы 280 мың гектар жайылымдық жердің жетіспеушілігі анықталып отыр. Әсіресе 36 мекенде бұл мәселе өткір тұр.
Жайылым тапшылығы күрделеніп тұрған Павлодар ауданында 73 мың га, Тереңкөл ауданында 51 мың га, Ақсу қаласында 33 мың га, Павлодар қаласында 27 мың га, Успен ауданында 13  мың га жайылымдық жер жетіспейді. Қазіргі уақытта тапшылықты жою мақсатында 71,5 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған. Олардың ішінде ірі өожалықтардың елдімекен аумағында орналасқан жерлері де бар.  
Мейрам Өтешов, облыс әкімінің орынбасары:
КронАгро жауапкершлігі шектеулі серіктестігінен 2,5 мың гектар, «Абай» ЖШС – нен 2,3 мың гектар, «ЕртісАгро» ЖШС- нен 3 мың гектар жер мемелкет меншігіне қайтарылды. Біз бұнымен тоқап қалмаймыз. Жыл соңына дейін тағы 175 мың гектар жерді мемлекетке қайтаруды көздеп отырмыз.
Жалпы жер мәселесінде қордаланған мәселелер көп. Комиссияның шешінен бастап, пайдалануға дейінгі аралыықта көптеген түсінбеушіліктер туындап жатады. Наразылықтар да аз емес. Ал, ең басты мәселе ауылдағы ағайынның қолындағы малына жеткілікті жайылымның болуы. Тқорт түлік саны көбейіп, сұраныс та артып келеді. 
Мейрам Өтешов, облыс әкімінің орынбасары:
Әрмен қарай елдіммекенге тиесілі жерлерді кеңейту мәселесін қарастырамыз. Өйткені, сұраныс осыған әкеліп отыр. Қазір әкімдіктер мен жер пайдалушылармен келіссөздер жүріп жатыр.
Қазіргі уақытта халықтың мұқтаждығына арналып 9,1 мың гектар жер резервке қойылып отыр. Ауылдық округ әкімдері мен ауыл шаруашылығы өндірушілері арасында әр түрлі меморандумдарға да қол қойылып жатыр. Осылайша 30 мың гектар аумақ мал жаюға пайдаланылуда. 
 
Жанасыл Серікбол