Биыл облыста астық дақылдарын жинау алаңы 1 млн 352 мың гектар. Қазіргі уақытта дәнді дақылдардың 85 пайызы, ал майлы дақылдардың 23 пайызы жиналыпты. Жалпы алғанда өнімділік былтырғы деңгейде дейді шенділер. 
 
Ауыл шаруашығы басқамрасының басшысы Нұрболат Мақашевтың айтуынша, дәнді дақылдардың өнімділігі гектарына 9,8 центнерден. Ал, майлы дақылдардың өнімділіг гектарына 5 центнер. Павлодар облысы картоп өсірумен алыс-жақын шет мемелкетке танымал екендігі белгілі. Қазіргі уақытта  картоптың 18 мың гектары жиналыпты.  
Нұрболат Мақашев, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
Жалпы жоспардың 73 пайызы. Өнімділік құрап отыр. Железин ауданында 10 цент нерді құрап отыр.
Биылғы егін жинау науқаны қазан айының алғашқы декадасында аяқталады деп күтілуде. Ал, малдың қысқы азығына 1 млн 465 мың тонна шөп жинау жоспарланған. 
Нұрболат Мақашев, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
Бүгінгі күні 1 млн 445 мың тонна жиналды. Ауыл шаруашылық техникасы жұмыс істеуде.
Егін жинау жұмыстарын жүргізуге 23,0 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлініпті. Бұл жалпы өажеттіліктің 100 пайызы. 
Нұрболат Мақашев, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
Жалпы операторлық қызметті есепке алғанда литріне бағасы 191 теңгені құрады. 39 теңгеге арзан. Шаруашылықтарға жеткізілді.
Биыл астық қабылдауға арналған лицензиясы бар 6 кәсіпорын  жұмыс істеп тұр. Олардың сыйымдылығы 277 мың тонна. Сондай-ақ, картоп пен көкеністі сақтауға арналған 142 қойма бар. 
 
Жанасыл Серікбол