Биыл Павлодар облысынан 7 мыңға жуық адам көшіп кетіпті. Оның жартысы Астана қаласына қоныс аударды. Алыс, жақын шетелге кеткендер де бар. Осы және өзге де өзекті мәселелер Павлодар облысы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында қаралды. Жиында қандай мәселелер көтеріліп, қандай шешімдер қабылданды? Толығырақ келесі сюжетте.
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында жолдардың жай-күйі, егіс және орақ науқандары кезінде ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүктемесі, сондай-ақ өңірдегі демографиялық ахуал мәселелері қаралды. Кеңес мүшелеріне атқарылып жатқан жұмыстар мен биылға жоспарланған міндеттер туралы салалық басқармалар өкілдері баяндады.
Фархат Оспанов, Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары
Осы жылы Павлодар облысында жолдарды, көшелерді жөндеу бойынша 104 жоба жүзеге асып жатыр. Ұзыдындығы 342 шақырым, жалпы жоба құны 33 млрд теңге. 2026 жылдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы автомобиль жолдарының жақсартуды 97 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шұңқырларды тегістеу жұмыстары да жүргізілмек.
Жол төсемінің сақталуына ерекше назар аударылды. Осы мақсатта облыста рұқсат етілген салмақтан артық жүк тиеген ауыр жүк көліктерін анықтау, заң бұзушыларды жауапкершілікке тарту және автожолдардағы бақылауды күшейту жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ алдағы уақытта өңірде көлік құралдарының салмағын автоматты түрде өлшейтін бес станцияны орнату жоспарланып отыр.
Фархат Оспанов, Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары
Соңғы 6 айда 1776 автокөлік құралы транспорттық бақылаудан өтті. Нәтижесінде 271 материал құрылды. Салмағы мен габариттік параметрлерінің шамадан тыс артуы бойынша 21 материал жазылды. Оған қоса, 21 жүк тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу мақсатында облыста профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Мамандар жүк жөнелтушілерге тексеру жүргізіп, құзырлы органдармен бірлесіп жүк тасымалын бақылауда ұстайды. Сондай-ақ жүргізушілермен тұрақты түрде кездесулер мен түсіндіру шараларын өткізіп, жүк тасымалдау қағидалары мен оларды бұзғаны үшін көзделген жауапкершілікті еске салады. Отырыста Павлодар өңіріндегі демографиялық ахуал да талқыланды. Қоғамдық кеңес мүшелеріне биылғы жылдың алғашқы бес айындағы халық саны, туу мен өлім-жітім көрсеткіштері, сондай-ақ табиғи өсім бойынша өзекті мәліметтер ұсынылды.
Жанар Магзамова, Қазақстан республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросы Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
2026 жылдың 1 шілдесіне халық саны 743 640 адамға жетті. Олардың ішінде қалада 532 276, бұл 71.6 пайыз, ал ауыл халқының саны 211 364 адам, ол 28,4 пайызды құрап отыр. Өткен жылдың 2025 жылымен салыстырғанда халық саны 5108 адамға азайды. Соңғы 5 айда өірде 3144 бала дүниеге келді. Былтыр 3480 бала туды.
Отырысқа қатысушылар көші-қон үдерістерін де талқылады. Мамандардың мәліметінше, өңірден көшіп кеткен тұрғындар саны әлі де қоныс аударып келгендерден басым. Ішкі көші-қонның негізгі бағыты – мегополистер. Сонымен қатар Павлодар облысына еліміздің өзге өңірлерінен және шетелден қоныс аударушылар да келуді жалғастыруда.
Жанар Магзамова, Қазақстан республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросы Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
2026 жылдығ қаңтар мамыр айларында 7071 адам облыстан көшті. Оның ішінде елден 129 адам, 89 адам ТМД елдеріне, 43 адам басқа мемлектетерге қоныс аударды. 6942 адам еліміздің басқа өңірлеріне көшті. Оның ішінде 51,9 пайызы Астана қаласына, 8.5 пайызы Алматы қаласына қоныстанды. Ал, өңірде осы уақытта 5 254 көшіп келді.
Негізгі мәселелер қаралғаннан кейін Қоғамдық кеңес мүшелері өзге де өзекті тақырыптарды талқылады. Атап айтқанда, оңалту орталықтарының құрылысы мен қоныс аудару бағдарламаларының іске асырылу барысы. Жиында айтылғандай, облыс ішкі қоныс аудару жоспарын 100 пайыз орындаған. Ал қандастарды қабылдау бағытындағы жұмыс бірқатар қағидаларға енгізілген өзгерістерге байланысты әзірге жоспардан кейін қалып отыр.
Самал Қалиқызы