Павлодар облысында шыбын шіркейді улау жұмыстары қорытындыланды. 2021 жылдан бері атқарылып жатқан жұмыстар соңғы кездері жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Толығырақ тілші сюжетінде.
Осы жылы Павлодар облысында 172 мың гектар аумақ өңделді. 448 табиғи өңдеу ұшуы орын алды. Әр ауданда улау жұмыстары жүргізілді.
Барьерлік өңдеулер 3 мамырда Ертіс ауданында басталыпты. 2026 жылы өңдеу жұмыстары 67 елдімекенді қамтыды, деді жауапты басқармада. Әр ауыл 20 реттен өңделіп өтіпті.
Осы жылы бұл бағытта 86 пайыздық нәтижеге қол жетіпті.
Сонымен қатар, аймақ басшысы сізбен біздің бала шағамызбен жазды жайдарлы өткізуіміз үшін, өрісте малдың жайлы жайылуы үшін жағдай жасап, шыбын шіркейді улап жүрген азаматтарға алғысын айтып, марапаттады.
Самал Қалиқызы