Павлодар ауданы Жертұмсық ауылында шағын футбол алаңы бой көтеріп жатыр. Бұл ауыл жастарының салауатты өмір салтын сақтауға, бос уақытында доп қуып, футболмен ойнауына мүмкіндік береді. 


Жертұмсық ауылы облыс орталығынан 30-40 шақырым жерде орналасқан. Соңғы жылдары елдімекенде оң өзгерістер байқалады. Халықтың жайлы өмір сүруі үшін әлеуметтік нысандар қалыпқа келтірілуде. Кезекті жоба – жаңа футбол алаңының құрылысы.  

Адиат Нұрисланов, мердігер ұйымның бригадирі

Қазіргі уақытта жұмыстардың 80 пайызы аяқталды. Алаңның аумағы 20-да 40. Қазір алаңның қоршауларын орнатып жатырмыз. Жалпы 6 адам жұмыс істейді. Жобаны осы айдың басында бастадық, осы айдың аяғында аяқтауды жоспарлап отырмыз. 

Ауылдың кішкентай футболшылары жаңа футбол алаңын асыға күтіп отыр. Бұрын құмда шаңмен жарысып доп қуаласақ, енді заманауи тартанды жабындысы бар алаңда шынығатын болдық дейді.

Ауыл жастары енді бос уақыттарын тиімді әрі сапалы өткізетін болды. Елдімекен тұрғындары жасалып жатқан жағдайға дән риза. 

Алдияр Жұмаш, Жертұмсық ауылының тұрғыны

Негізі бізде футбол алаңы болған. Ол футбол жөндеу жұмысын талап етті. Қатты қуаныштымыз. Негізі өзімізде бала күнімізде қатты ойнап едік. Енді міне кезекте өскелең ұрпақ. Өз ойым, футбол спорт саласы деп ойлаймын. Әлбетте алғысымды облыс қала әкімдігіне айтқым келеді. Ол кісі уәде еткен еді. Ауылы деп уайымдайтын азаматтарды сыйлаймын. Ойдамын. 

Жертұмсық ауылының жастары спорттан құр алақан емес. Олар алаң салынбай тұрып, республикалық, облыстық жарыстарда өздерін дәлелдеп қойған. Ал, жаңа спорт нысаны тек сол дағдыларды одан әрі шыңдауға мүмкіндік береді.  

Зейнеп Токина, Заря ауылдық округінің әкімі

Бізде Заря ауылында екі футбол алаңы бар. Балаларымыз өте белсенді. Тіпті спорт мектебі де бар. Ал, мында балалар осы жердегі ескі алаңда футбол ойнайтын. Спорт әдіскері бар, болашақта аптасына бір рет ол кісі келіп, балалармен айналысады деп жоспарлап отырмыз. Біздің балалар облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жиі орны алып тұрады. Сондықтан олар жаңа алаңның құрылысына өте риза. 

Айта кетейік, жаңа футбол алаңы осы айдың аяғында қолданысқа берілмек. Оның құрылысына бюджеттен 32 млн теңге жұмсалыпты.

Самал Қалиқызы