Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғарғы көпсалалы колледжі Қазақстан халықтары тілдеріне арналған 10 күндікті қорытындылады. Декада аясында әр түрлі шаралар ұйымдастырылып, студенттер мен ұстаздар Қазақстан елінің тұтастығы мен бейбітшілігін насихаттаған. 
 
Жаяу Мұса колледжі Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай он күндік ұйымдастырып, әр түрлі шараларды іске асырған. Солардың ішінде интеллектуалдық ойындар мен викториналаорды, фестивалдерді еркше атап өтуге болады. 
Алма Айтуарова, Жаяу Мұса атындағы жоғарғы көпсалалы колледжінің басшысы:
Бізде үлкен фестиваль болды «Тіл-достық құралы» деген. Төр үлкен орталықтарды шақырды. Павлодар қаласы, Ақсу қаласының орталықтары. Жалпы осы онкүндік аясында ұастаздарымыз, студенттеріміз көптеген іс-шараларға қатысты.
Тіл мерекесі еліміз үшін аса маңызды. Бұл Қазақстанның бірлік пен бейбітшілікті ту еткен ұстанымының да айшықты көрінісі. Он күндік аясында колледж студенттері осы ұғымды насихаттауға тырысқан. 
Мадина Сапиолла, Жаяу Мұса колледжінің оқытушысы:
Тіл мерекесі біздің елімізде ең маңызды меерке деп ойлаймын. Шараға Павлодардан, Ақсудан эномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысуда. Бұл мереке біздің студенттерімізге үлкен тәрбие береді деп ойлаймын.
Колледж студенттері осындай шараларың көп болғандығы әрқашан жақсы әсер сыйлайтындығын  айтады. 
Аңсар Ақтаржанов, Жаяу Мұса атындағы жоғарғы көпсалалы колледжінің студенті:
Өте қатты ұнап жатыр маған. Әдемі билерді көрдім. Жиі-жиі болады. Мысалы сол тілдер. Көбіне ұлттар бойынаш, оқуға байланысты. Оқуға байланысты.
Шаранңы негізгі бқлімі Абай Құнанбаетвң «Ескендір» поэмасы сахналанды. Қойылымды колледже қабырғасында құрылған үйірме дайындаған. 
 
Жанасыл Серікбол