Павлодар іргесіндегі Ленин кентінің мектебінде белгісіз біреу бұрыш баллонын шашып, 15 оқушы дәрігерлер көмегіне жүгінді. Барлығы 4-сынып оқушысы. Дәрігерлердің ақпарынша, олар стационарлық емді қажет етпеген. 

Тлекжан Галямов, ТЖБ бастығының орынбасары:
Мектептен 672 оқушыны сыртқа шығардық. Олардың 15 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілген еді. Оқиға орнында полиция мен төтенше жағдай департаменті тексеру жүргізді. 

Аяулым Рахымжанова