Павлодар облысында қазан айының басынан тұмауға қарсы екпе салу науқаны басталады. Қазірдің өзінде өңірге 90 мың доза вакцина жеткізілді. Алдымен әдеттегідей балалар, жүкті әйелдер аталмыш екпені алады. 

Ұлттық жоба аясында Павлодар облысында 30 медициналық объект бой көтеріп, жаңартылады. Олардың үшеуі медициналық пункттері мүлдем жоқ деген елдімекендерде  салынады.  9-ы ескірген ғимараттардың, ал 18-і жалға алынған нысандардың орнына бой көтереді. 
Айдар Сейітқазинов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Егер ішінара қарайтын болсақ бұл екі дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-амбулаторлық пункттер, 23 медициналық бекет. Біз жағдайларына байланысты бөліп қойдық. Жоба құны 3,9 млрд теңгені құрайды. Бұл жобалар жүзеге асса 15 мың ауыл тұрғыны сапалы медициналық қызметпен қамтылады. 
Бұдан бөлек, Облысты дамыту жоспарына сәйкес 2021 жылдан бастап өңірде  15 алғашқы медициналық-санитариялық көмек беру нысанын салу жоспарланған.  Бұл 4 амбулатория,  6 медициналық бекет және 4 фельдшерлік-амбулаторлық пункт пен Ленин кентіндегі қосымша ғимарат. Осы жобаға енетін Қызылжар ауылында дәрігерлік амбулатория салынып, қолданысқа берілді. 
Айдар Сейітқазинов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Биыл құрылыс басқармасымен 3 жобалық сметалық құжаттама әзірленді. Келесі жылдан бастап құрылыс басталады деп отырмыз. Бұл Екібастұз ауылдық аймағындағы Марғұлан ауылының медициналық бекеті, Пограничник ауылында фельдшерлік-амбулаторлық бекет және Павлодар ауданындағы Набережная ауылындағы медициналық бекет. 
 
Тұмауға қарсы екпе салу басталады
3 қазаннан бастап Павлодар облысында тұмауға қарсы екпе салу науқаны басталады. СК-Фармация бірыңғай дистрибьюторы вакцинаны жеткізіп, емханаларға таратты. Облыс тұрғындарының 12 пайызы аталмыш екпені алады деп жоспарлануда. 88 млн теңгеге 90 мың доза вакцина сатып алынды. 
Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының м.а.:
Бүгінде облысқа осы тұмауға қарсы екпенің 90 мың дозасы жеткізілді. Емханаға барып екпе алуға болады. Бұл балалар, жүкті әйелдер. Егде жастағы қарт адамдар боып табылады.
Бұдан бөлек, өңірде 30 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың үшеуі стационарлық, қалғаны амбулаторлық емде. Бұл ретте ковидке қарсы вакциналау процесі де жалғасады. Облыс емханаларында Комирнатидің 780, Вероцеллдің-10 мың, Казвактың 5000 дозасы бар.
 
ЭКО-ға 281 квота бөлінді
Бұдан бөлек биыл экстрокорпоральды ұрықтандыруға облысқа 281 квота бөлінді. 82-сінде нәтиже жақсы болса, тағы 80 жұпта аталмыш процесс оң болмады. Қалған 80-нен астам квота бойынша жағдай әзірге белгісіз. Павлодар облысында жалпы 7065 жүкті әйел тіркеуде тұр. 
 
Самал Қалиқызы