Павлодарда WhatsАpp-пен мұғалімді балағаттаған оқушының ата-анасына айыппұл салынды. Мұндай әрекет үшін кәмелетке толмағанға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бірнеше күн бұрын полицияға жүгінген Павлодар мектебінің мұғалімі  өзінің оқушысына шағымданған. 

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабы бойынша кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық үшін ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға жеті айлық мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. Айта кету керек, ағымдағы жылы кәмелетке толмағандардың ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 33 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Солардың бірі педагогты балағаттаған оқушының ата анасына да айыппұл салынды. 
Ерлан Қалқамбеков, қалалық  полиция басқармасының ювеналдық  полиция тобының  инспекторы: 
Бірнеше күн бұрын полицияға мектеп мұғалімі жүгінді. Ол өзіне балағат сөздер айтқан шәкіртіне шағымданды. Оқушы ватсап мессенджері арқылы жағымсыз сөздер жазған және оған өзге оқушылардың куә екенін айтты. 
Іс облыстық  кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Сондай-ақ полиция қызметкерлері түнгі уақытта қаланың орталық жағалауында серуендеп жүрген жасөспірімдерді анықтады. Оқушылардың бұл қылығы үшін ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 
 
Әйгерім Тоқпанқызы