Павлодар облысында 2030 жылға дейін суармалы жерлердің көлемін  300 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Осы мақсатта бүгіннен бастап Қазсушаруашылығымен және ауылшаруашылық өндірушілермен ірі жобалар қолға алынып жатыр.  

Өңірдің агроөндірістік кешінін дамыту үшін суармалы егіншілік аумағын кеңейту көзделеді. Павлодар облысында су қорының қажетті деңгейде болуы егіншіліктің бұл түрін дамытуға мүмкіндік беріп отыр. Қазір өңірде 137 мың гектар жер суармалы егіншілікке бағытталған. 
Руслан Дәуітбаев, жер қатынастары басқармасының басшысы:
Оның ішінде 110 мың гектар ауыл шаруашылығы өнімдерін  өндірушілермен бекітілген. Қалғаны қордағы жер аумағы немесе жергілікті елдімекендерге тиесілі. 110 мың гектар аумақтың 70 мың гектарды шаруалар пайдаланады. Инфрақұрылым өткізілмегендіктен кей жерлер пайдаланылмайды.   
Соңғы 3 жылда Павлодар облысында суармалы жер көлемі 50 мың гектарға артқан. Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында өңірде биыл жалпы көлемі 19,7 мың гектарды құрайтын 9 жоба қолға алынып отыр. 
Руслан Дәуітбаев, жер қатынастары басқармасының басшысы:
Төрт жоба республикалық деңгейде.  Қазсу шаруашылығымен жүзеге асып жатыр. Бұл Май ауданындағы «Май агро» жобасы, «Май фидлот» жобасы, Ақтоғайдағы «Жанкөбек» және Павлодар ауданындағы Ертіс–Успен каналы. Бұдан басқа ауыл шаруашылығы өндірушілері өз қаражаты есебінен 16,9 млрд теңгеге 22 жоба жүзеге асып жатыр. 
2030 жылға дейін  облыста Ертіс өзені мен Сәтбаев каналының әлеуетін ескере отырып, суармалы жерлердің көлемін 300 мың гектарға жетізу жоспарланып отыр. 
 
Самал Қалиқызы