Бұдан былай көмірді несиеге алуға болады. Бұл қатты отынды тікелей көмір қоймаларынан кезексіз алуға мүмкіндік береді. Бөліп төлеумен, несиеге алған көмірдің бағасы сонымен қанша болады? Жалпы қоймалар мен разрездергі жағдай қалай? 

«Қыстың қамын жаз ойла» демекші қатты отынды сатып алу маусымы басталды. Өңір тұрғындары бүгінде 316 мың-ға жуық тонна көмір сатып алған.   Қажеттілік жалпы 430 мың тоннаны құрайды.         Жауапты басқарма басшылары жергілікті өндірушілер соңғы үш жылда тұтунышылық көмір бағасын көтермеді деп отыр. Қазір қатты отынның бағасы 9000 мен 20000 теңге аралығында. Әлбетте ол көмірдің сапасы, жеткізу қашықтығына байланысты.  
Ержан Салханов, энергетика және түкш басқармасының басшысы:
Павлодардағы көмір қоймаларында Майкүбенікі тоннасына  11 900 теңге, Богатырь көмірі тоннасына 9500 теңге. Қоймадан алғанда жеткізу бар. Бірақ түрлі көлікте сатып тұрған жеткізушілер бар. Біз олардың бағасын бақылай алмаймыз. Қала бойынша жеткізу 5000 теңге дейін жетеді.  Қазіргі таңда қалада, разрездерде көмір бар, жеткілікті. 
Басқарма басшысы қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктер әлеуметтік көмірді банктік қосымшалар арқылы сату бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті. Павлодар облысы өз операторын алғашқылардың бірі болып тіркеді. Ол - «А-Вест» ЖШС. 
Ержан Салханов, энергетика және түкш басқармасының басшысы:
Көмірді Халық банкінің «Halykmarket» қосымшасы арқылы сатып алуға болады. Бұл қатты отынды тікелей көмір тұйығынан және кезексіз сатып алуға мүмкіндік береді. Қосымша арқылы сатып алу кезінде көмірдің бағасына теміржол тұйығындағы көмірдің бағасы, қашықтыққа байланысты жеткізу құны, сатушының банкке төлейтін 10 пайыздық тарифі кіреді. 
Алдағы уақытта «Элит kz» ЖШС де қосылмақ. Бұл көмірді кезексіз тікелей сатып алуға мүмкіндік береді. Осылайша банк арқылы көмірді 24 айға несиеге бөліп алуға болады. Айта кетейік, бұл пилоттық жоба. Одан бөлек, басқарма басшысы өңірдің әлеуметтік нысандары қазір 80 пайызға көмірмен қамтылғанын айтты. 

Самал Қалиқызы