Кәсіпорын мен мемлекеттік мекемелердегі құралдар аккредиттеуден өтуі тиіс. Бұның барлығын техникалық реттеу мен метрология комитеті бақылайды. Департамент он ай ішінде аймақтағы 61 нысанды тексерген.


Департамент құзырына нысанды қадағалау кіреді. Он ай ішінде 61 бұзушылықты анықтады. Оның ішінде басым бөлігі денсаулық сақтау департаментіне тиесілі. Аудан ауруханаларында реттеуіш және өлшем аппараттарынан бұзушылық анықталды.

Нина Оспанова, техникалық реттеу және метрология комитетінің павлодар облысы бойынша департаментінің бас маманы:

Неге дсесеңіз тексеріс кезінде бұзушылықтар анықталды. Олар сәйкестен өтпеген өлшем бірліктері олар пульсакметр, узи аппараттар, термомтерлар, сол өлшем бірліктер мына адамдардың денсаулықтарының көрсеткіштерін білдіретін өлшем бірліктері болғандықтан олар нақты проверка өту керек.

Аудандардың барлық ауруханаларында жауапты құрылғылар істен шығып, ережеге сай жұмыс істемегені белгілі болды. Қадағалаушы департамент аталмыш мекемелерге 17 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Қазіргі уақытта толтырылған ұйғарымдар толық төленді. Өлшеуіш пен бақылау және реттеу құралдары бар барлық мекеме сапа сәйкестігінен өтуі тиіс.

Нина Оспанова, техникалық реттеу және метрология комитетінің павлодар облысы бойынша департаментінің бас маманы:

Еуразиялық экономикалық одағынан келген өнімдер олар сертификациядан өтпейді. Неге десеңіз олардың сертификаттары мында рассталанады. Ал мысалы басқа елдерден келсе ол кезде сертификат алу керек өнімдеріне неге десеңіз расталмаған нәрсе сол үшін олар сәйкестікті растау органына барып сертификат алу керек.

Прокуратурамен бірлесе отырып әскери бөлімдерде де тексеріс жүргізді. Сондай-ақ бағалы металдарға, зергерлік бұйымдарға сынау және таңбалау бойынша да бақылау жүргізілді.


Әйгерім Тоқпанқызы