Шетел киіміне тапсырыс берудің қажеті жоқ. Павлодарлық тұрғындар киім цехын ашты. Бүгінде көршілес Ресейге жеткізіледі.


Әр ана баласының сапалы, әдемі киім кигенін қалайды. Балалар киімінің қолжетімді болғаны да маңызды. Бүгінгі кейіпкерлеріміздің кәсібі осы қажеттіліктен туған. Гүлнәр Магаева мен Анна Молоткова бірігіп тігін цехын ашқан әріптестер.

Гүлнәр Магаева, кәсіпкер:

Балаларымызды тамақтандыруға келгенбіз. Осындай жұмыс жасағым келген еді деп. Менде де сондай ой болды деп. Тиын жинап, цех табылды да бастап кеттік. Осылай тез жолып болып, тезх ашып кеттік.

Бұл тігін цехы 2021 жылдың соңында есігін айқара ашты. Кәсіпкерлер Түркиядан қажетті маталарына тапсырып беріп, негізгі жұмыстарын ақпанда қолға алды. Бірден алған бағыттарын таңдап қойған, яғни балалар киімін тігу.

Гүлнәр Магаева, кәсіпкер:

Неге балалар кимініне бастадық. Себебі шығыны аз болды да, жаңадан бастадықтан аз болды. Екіншіден балаларымызға сапалы киім алғым келетін. Ресейдің киімдері ұнайтын бірақ ол қолжетімсіз. Сосын матаны алып, тіге бастадық.

Әзірге балалар киімі Павлодар, Солтүстік Қазақстан мен Ресейге онлайн дүкен арқылы сатылады. Қазір мына цехта екі адам ғана жұмыс жасайды. Бірақ алдағы уақытта кәсіпкерлер 10-нан аса адамды қызметке алуды жоспарлап отыр.


Самал Қалиқызы