Үштерек ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Ақсу ауылдық аймағы
Ақсу қаласының ауылдық аймағындағы Үштерек ауылы балаларының спортпен айналысып, қабілеттерін дамытуына мүмкіндігі молайды. Республика күні қарсаңында мұнда жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Толығырақ келесі сюжеттен көрейік!
Кешеннің құрылысына 441,1 млн теңге бөлінген. Ғимараттың жалпы ауданы 812 шаршы метрден асады. Мұнда дене шынықтыру-сауықтыру, күрес пен теннис залдары бар.
Қазірдің өзінде қазақша күрес пен дзюдо секциялары жұмысын бастап, жүзден аса бала жаттығуға кірісті. Көп ұзамай «бес асық» үйірмесі де ашылмақ. Кейін тұрғындардың сұранысы бойынша волейбол не баскетбол секциясын іске қосу жоспарланып отыр. Мұның бәрі ауыл балаларының спортта биік белестерді бағындыруына зор мүмкіндік береді.
Жұлдыз Қабылденова