Байрағы биік байтағым !
«Байрағы биік байтағым»! Дәл осындай атпен Естай атындағы мәдениет сарайында республика күніне орай салтанатты шара өтті. Онда Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар өңір азаматы жоғары марапаттарға ие болды. Тілшіміз жалғастырсын.
1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылдады. Бұл құжат Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы іргетасы болды. Ал, 1995 жылы мереке ресми түрде жарияланып, кейін 2009 жылы алынып тасталған еді. 2022 жылы бұл мерекеге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «ұлттық мереке» мәртебесі қайтарылды.
Бұл күні бірқатар өңір азаматы түрлі деңгейдегі марапатқа ие болды. Олардың қатарында Ақсу қаласының құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз Рыскеш Сламбекова «Құрмет» орденін алды.
Рымкеш Сламбекова, Ақсу қаласының құрметті азаматы
Бұл үлкен жауапкершілік қой. Бүгінгі еліміздің керемет мерекесі құтты болсын. Осы күні марапат алу, ең бірінші болып сахнаға шығу мек үшін үлкен құрмет. 2000 жылы гимназия ашылған жылы ерең еңбегі үшін марапатын алыппын, ал бүгін қасиетті мереке күні еңбегіміз бағаланып, еңбегіміз осындай дәржеге жетті деп халықтың түсінушішілігі осы біз үшін үлкен марапат деп ұғамын.
Осылайша Павлодар облысының білім, ғылым, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, денсаулық саласына үлес қосқан жандар лайықты төсбелгілерін алды.
Естай атындағы мәдениет сарайында ұйымдастырылған салтанатты шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды.
Самал Қалиқызы