Негізгі Жаңалықтар Екібастұз тұрғындарына ерекше концерт

Екібастұз тұрғындарына ерекше концерт

Екібастұз

Елдіктің ең тұғырлы мейрамы қарсаңында екібастұздықтарға ерекше концерт ұйымдастырылды. Шаһардың ең үлкен сауда үйлерінде ән шырқалып, күй тартылды.


Өнер халықдікі деген ұстаныммен Екібастұздық өнерпаздар тұрғындар көп жиналатын сауда үйлерінде концерт өткізді. Айтылған ән, арналған күй елдіктің басты мейрамы Республика күніне арналды. Мереке аясында шаһар тұрғындары мен қонақтары үшін күнделікті осындай думанды мереке ұсыну жоспарланған.

Алғашқы концертті тамашалаушылардың легі мол. Ежелден өнерді қадірлеп, өнерпазын төрге оздырған жұрт бұл ретте де әсем әнге құлақ қойып, өнерге құрмет білдірді.  

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекелік думан алдағы күндері де жалғасады. Әр концерттік бағдарламада шаһардың үздік өнерпаздары көпшіліккке ән арнайды. 



Бөлісу