Негізгі Жаңалықтар Достық керуені – ынтымақ жаршысы

Достық керуені – ынтымақ жаршысы

Екібастұз

Екібастұз қаласындағы «Достық үйінді» жыл сайын күзе мезгілінің жарқын дәстүріне айналған «Достық керуені» фестивальі өтті. Онда қонақтар түрлі бұйымдар мен ұлттық тағамдар көрмесі, сондай-ақ мазмұнды концерттік бағдарлама тамашалады.




Мерекеге келген қонақтарға көздің жауын алатын көрмелер, күздің молшылығын көрсететін дастархан, дастархандағы ұлттық тағам түрлері ұсынылды. Бауырсақтың да түр-түрі ұсынылды. Дайындау жолджары айтылды. Ал, жасы үлкен аналар тұрғындарға үлкендік сөзін арнады. Елдің бірлігі мен іргесінің берік болуы трасындағы ойларын жеткізді. 

Мерекенің басты нышаны — бидай масақтары мен күзгі гүлдерден жасалған әсем көрме. Ол — молшылықтың, береке мен бейбітшіліктің белгісі.

Мерекенің көркін Екібастұздағы этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары әрлей түсті. 




Бөлісу