Негізгі Жаңалықтар «Дәуір белесі: Тәуелсіздікке 35 жыл»

«Дәуір белесі: Тәуелсіздікке 35 жыл»

Тарихты сөзбен ғана емес, өнер тілімен де жеткізуге болады. Қазақстанның өткені, ұлттық болмысы мен тәуелсіздік жылдарындағы құндылықтары графикалық туындылар арқылы қалай бейнеленеді? Павлодар облыстық көркемсурет музейінде суретші, график Манатбек Аманбаевтың «Дәуір белесі: Тәуелсіздікке 35 жыл» атты көрмесі ашылды.


Манатбек Аманбаев 1959 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Ол кәсіби білімін Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтында алып, кейін Орал педагогикалық институтында сурет және кескіндеме пәндерінен сабақ берген. Суретшінің шығармашылық жолы Қарағанды қаласымен тығыз байланысты. Ол ұзақ жылдар бойы бейнелеу өнерімен қатар ұстаздық қызметті де қатар алып жүрді. Ал, Ертіс Баян өңірінде ұйымдастырылған экспозицияда офорт, линогравюра және граттаж техникаларында орындалған жұмыстар ұсынылған.

Көрмеге суретшінің 50-ден астам графикалық жұмысы қойылған. Әр туындыда қазақ халқының тарихы, ұлттық дүниетанымы, тарихи тұлғалары мен елдік құндылықтары көрініс табады. Көрменің ашылуына қатысқан мәдениет басқармасының басшысы бұл көрме ерекше екенін атап өтті. 

Автордың шығармашылығында дала кеңістігі, тарихи жады, ел тағдыры мен адам болмысы өзара сабақтасады. «Дала әуені», «Дала Атлантидасы», «Аманат» секілді жобалары да осы тақырыптарды арқау етеді. 

Самал Қалиқызы



Бөлісу