Негізгі Жаңалықтар Әскери қызметтегі жаңашылдықтар

Әскери қызметтегі жаңашылдықтар

Елімізде Қарулы күштерді жаңғырту жоспары ұсынылды. Реформа аясында ұшқышсыз жүйелер күштерін құру, мерзімді әскери қызметті екі кезеңге бөлу және сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделген. Жаңа өзгерістердің мақсаты әскерилердің дайындығын арттырып, қызметті жетілдіру.


Әскери саланы жаңғырту аясында жаңа технологияларды енгізу және әскерді басқару жүйесін жетілдіру көзделген. Соның бірі Ұшқышсыз жүйелер күштерін құру. Бұл бағытта білікті мамандар даярлап, жаңа техниканы тиімді қолдануға басымдық беріледі.

Байрам Әлиев, №5512 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары

Әлемдегі саяси жағдайдың өзгеруі әскерді заман талабына сай жаңартуды қажет етеді. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қарулы күштерді дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді. Негізгі мақсат әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әскерді цифрландыру.

Мерзімді әскери қызметті екі кезеңмен ұйымдастыру ұсынылып отыр. Сарбаздар оқу орталықтарында дайындықтан өтіп, жауынгерлік машығын жетілдіреді. Бұл жүйе олардың алған білімін тәжірибеде қолдануына мүмкіндік береді.

Байрам Әлиев, №5512 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасар

Мерзімді әскери қызмет екі кезеңге бөлінеді. Алғашқы алты айда сарбаздар оқу орталықтарында арнайы дайындықтан өтсе, келесі кезеңде әскери бөлімдерде жауынгерлік даярлыққа қатысады. Сонымен қатар ұшқышсыз жүйелерді дамыту, әскерді басқаруды жетілдіру және әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделген.

Әскери реформаның басты мақсаты заманауи талаптарға сай, кәсіби әрі қауіпсіз әскер қалыптастыру. Бұл үшін жаңа технологияларды енгізумен қатар, сарбаздардың дайындығы мен құқықтарын қорғауға да басымдық беріледі.


Сабина Жолдаспаева







Бөлісу