Павлодарда «Аспаптар әуені» атты музыкалық-танымдық кеш өтті. Оған студенттер мен қала тұрғындары қатысып, ұлттық музыкалық аспаптардың тарихы мен ерекшелегі жайлы терең білуге мүмкіндік алды.
Осыдан бір ай бұрын Потанин музейінде қазақ ұлтттық музыка аспаптарының көрмесі ашылғаны белгілі. Жәдігерлердің барлығы Алматыдағы Ықылас атындағы музей қорынан жеткізілген. Шара көрмедегі көне аспаптардың тарихын терең түсіндіру мақсатында өтіп отыр.
Ерлан Рахимов, М. Шамсутдинова атындағы ән өнері музейінің басшысы:
Көрген бір бөлек, оны есіген екінші бір бқлек дүние. Сондықтан, біздің мақсатымызда осы. Естуген басқаша әсер етеді деп ойлаймын. Кешіміздің ерекшелігі де осында. Келген қонақтарымыз, өнер сүйер қауым кешімізден үлкен әсер алып кетеді деп ойлаймын.
Жетіген – аңызға толы аспап. Әуезі де, әні де бөлек. Музыкалық мүмкіндігі де айрықша.
Бұдан қобыздың прима және Қорқыт негізін қалаған қыл қобыз түрлері де көпшілікке тереңнен таныстырылды. Шараға педагогикалық колледж студенттері мен қала тұрғындары қатысты.
Жанасыл Серікбол