Павлодарда тұрғын үйдегі өрт өршіп тұр. Жылу маусымы басталғалы осындай 27 оқиға тіркеліпті. Мамандар қауіпсіздік ережелері түсіндіреміз деп отыр.


Жылыту маусымы басталғалы төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері пешпен жылытылатын 50 мыңға жуық жеке үйді аралаған. Тиісінше 5 мыңға жуық заңбүзушылық анықталыпты. Көбі пештегі ақау, оның стандарттарға сай келмеуі сияқты бұзушылықтар.

Қайрат Шаймарданов, ТЖД бастығының орынбасары:

Өрттің салдарынан 1 адам қаза тапты. Әр түрлі сипатта екі адам жарақат алды. Көрсетілген кезеңде улы газдан уланудан қаза болу фактісі тіркелген жоқ. Пештер іпайдалау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері бұзу.

Ал, жылыу маусымы басталғалы бері шыққан өрттен келген жалпы шығын 2 млн теңгеден асыпты. Қазіргі уақытта төтеншеліктер қауіпсіздік ережелері түсіндіру мақсатында жоспарлы алдын-алу шаралары тыңғылықты жүріп жатқандығын айтады.

Қайрат Шаймарданов, ТЖД бастығының орынбасары:

Қазаргі уақытта жергілікті полиция, азаматтық қорғаныс өкілдері, жергілікті атқарушы мекеме және еріктілемер бірлесіп күнделікті түрде алдын-алу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Пешті және электр жүйесін дұрыс қолдану ережелерін түсіндірудеміз.

Алдын-алу шаралары алдымен әлеуметтік осал топтар арасында жүргізілуде. Бұзушылықтар үшін төтеншеліктер жауапқа тарта алмайды. Алайда, нұсқаулар айтылғаннан кейін оқыс оқиға болса, жауапкершілік бар.


Жанасыл Серікбол