17 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі аясындағы «Шаңырақ күні». Бұл күн отбасы құндылықтарын дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға арналады. Осы орайда, телеарнамыздың «Сәлем, Әлем» бағдарламасында бір салада еңбек етіп жүрген ерлі-зайыпты жұп қонақта болды.

Бір шаңырақтың түтінін түтетіп, бір саланың жүгін бірге көтерген жұптың отау құрғанына 10 жылдан асты. Олар әскери қызмет арқылы танысып, отбасын құрған. Отағасы Нұрлан Нұрпейіс Ұлттық ұланда 20 жылдан астам қызмет етсе, отанасы Әсемгүл Нұрпейіс осы салада 10 жылдан бері еңбек етеді.

Нұрлан Нұрпейіс, «Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, запастағы подполковник

«Жолдасым да әскери қызметте істейді. Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі басшысының орынбасары, лейтенант – әскери шені. Сол әскери қызметте танысып, қазіргі таңда бір салада қызмет еткен отбасы болып табыламыз. Өзім Алматы қаласынан боламын, жолдасым – Орал қаласынан. Отбасымыз осында тұрады, Павлодар қаласында. Әскери қызмет болғандықтан, жан-жаққа көшіп жүре береміз, гарнизондарды ауыстырып. Отбасының құндылықтарына, отбасының жақсы өмір сүруіне ешқандай қиыншылық көрсетпейді. Өйткені біз бір-бірімізді түсінеміз, бір салада болғанна кейін, біліп отырамыз»

Шаңырақ күні бұл отбасы үшін ерекше – дәл осы күні олардың қызы дүниеге келген. Бүгінде жанұя бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

Нұрлан Нұрпейіс, «Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, запастағы подполковник

«Біз шаңырақ күнін жақсы атап өтеміз. Өйткені 17 наурызда менің кішкентай қызым дүниеге келген. Ол бізге Шаңырақ күні де, қызымның туған күні де. Біз жақсы атап өтеміз. Отбасымызбен бірге қызға сый-сыяпатын беріп, кешке қарай бір жерге апарып қыдыртып, отбасына арналған күн деп есептейміз»

Отбасы – тәрбиенің бастауы болғандықтан, олар балаларының бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге ерекше мән береді. Үлкендерден алған тәлімді жалғастырып, оны кейінгі ұрпаққа жеткізуді міндет санайды.

Жұлдыз Қабылденова