Ақсу қаласында Калинин көшесінің тұрғындары наурыз тойын атап өтті. Ұлттық наурызнаманың шаңырақ күніне орай өткен шарада елдің бірлігі мен татулығы насихатталды.

Наурыз тойы Калинин көшесі 48-үйде өтті. Мейрам қонақтары көтеріңкі көңіл-күймен, ән шырқап үйдің ауласына жетті. Олардың шаңырақ иелері шашу шашып, кең пейілмен қарсы алды. Жарқын көңіл-күй аула ішінде де жалғасты. Ән айтылды, би биленді. Баршасы бір-біріне көктем лебіндей жылы тілектерін айтты. Шынайы ниеттерін славян орталығының әжелері әнмен жеткізді.

Сондай-ақ, украин мәдени орталығының өкілдері де келіп науыз мейрамымен құттықтап, дәмді астан тарту жасады. Жиналғандардың баршасы елдің бірлігі арта берсін деген тілектерін жеткізді.

Рымкеш Сламбекова, Ақсу қаласының құрметті азаматы

Бүгінгі міне Калинин көшесінде өтіп жатқан наурыз мейрамы. Осы көшенің халқының бір-біріне деге мейірімін, қамқорлығын көрсетеді. Барлық ұлт өкілі осы көшеге жиналып, мейрамды өткізуде. Бұл күн баршаның есінде қалады деп ойлаймын. Наурыз құтты болсын!

Бұл мейрамға Павлодар қаласынан да қонақтар арнайы келген.

Қазигүл Батырханқызы, «Ақсақалдар тағылымы» ҚБ төрағасының орынбасары

Көңілімізге қуат, күш сыйлап жатыр. Сондықтан, халқымызға амандық тілеймін. Аспанымыз әр уақта ашық болсын! Жерімізде тек ән мен күй болсын! Бақытты заманымыз жарқырай берсін.

Шара ұйымдастырушылар бұл мейрам елдің бірлігін, насихаттап, ұрпаққа үлгі болуы керек дейді.

Шамшия Құсайынова, «Қазақ аналары дәстүрге жол» ҚБ Ақсу филиалының төрағасы

Еліміз тыныш болсын, аспанымыз ашық болсын! Көп қлтты халық болған соң, халықты жинап, осындай мерекені өз шаңырағымда атап өтуге шештік. Бәріміз бір ашңырақта басымызды қосып аман болайық.

Жиналғандар наурыз дастарханнан дәм татты. Асық иіріп, тоғызқұмалақ ойнады.