Облыс орталығында кеше кешкісін бір күнде 2 жеңіл автокөлік өртенді. Қос оқиға бір көшеде яғни М. Жүсіп 25 және 312 мекенжайларында орын алған. Екі жағдайда да өрт сөндірушілер жылдам әрекет етіп, 10 минут ішінде қызыл жалынды сөндірді.
Мәшһүр Жүсіп 312 мекенжайында өрт 2,5 метр жерде шарпыды. Зардап шеккендер жоқ. Ал екінші жағдай аталған көшенің 25 үйі ауласында орын алды. Автокөліктің өртенуі туралы хабарлама кешке сағат 21:40-та түсті. Онда көліктің қозғалтқыш бөлігі, резеңкелері тұтанды. Өрт сөндірушілердің жедел қимылы арқасында өрт шұғыл сөндірілді. Басқа нысандарға таралуына жол берілмеді. Төтенше жағдайлар департаменті, тұрғындарға автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөліктің техникалық жағдайын тұрақты тексеріп, , электр сымдарының жарамдылығын бақылауды еске салады. Және де көлік ішінде міндетті түрде жарамды өрт сөндіргіш болуы керек.
Әйгерім Тоқпанқызы