Облыс орталығына іргелес Жетекші ауылында кезекте тұрғандарға берілген үйдің сапасы нашар. Тұрғындардың айтуынша, аязды күндері үйді жылыту мүмкін емес. Бір қыстың ішінде үйдің қабырғаларын сыз басып, сызат түсе бастаған. Тілшіміш тарқатсын.

Бақыт дайырова былтыр мамыр айында осы Торайғыров көшесі 25-үйге көшіп келген. Ұзақ жылдар кезекті тұрып, баспаған қол жеткізгеніне қуанған. Алайда, биылғы қысты әуремен өткіздім дейді. Үй жылынбайды. Жылынбаған соң қабырғаларды сыз басқан. Терезе буланып, салдарынан жарықтар пайда болған.

Бақыт Дайырова, жетекші ауылының тұрғыны

Басында бәрі дұрыс секілді көрінген. Бірақ, брнеше күнне кейін барлық кемшіліктері көріне бастады. Қыста дұрыстап пеш жағу мүмкін болмады. Қабырғаларды сыз басты. Терезе буланып кеткен.

Септиктің де көлемі өте шағын деп шағымданды тұрғындар. Айына 4 рет ассенизатор шақырып, тазартады екен. Бұның бәрі қалтаға салмақ. Ал, Гүлмира Әміренова осыдан үш апта бұрын Торайғыров көшесі 19-үйге қоныстаныпты. Қысқа уақыт ішінде үйдің сапасыздығына көзім жетті дейді ол. Әсіресе пештің мәселесі қиын дейді.

Гүлмира Әміренова, Жетекші ауылының тұрғыны

Үйдің пеші өте кішкентай. Мына үйдің шаршы метріне сай емес. Үй жылынбағандықтан, қабырғалары да бүлінуде. Есіктен суық аңырап тұрады. Осының бәрін дұрыстап берулеріңізді сұраймын.

Әкімдік мәселе үйді салушыларда екендігін айтады. Біз тек мемлекеттік тапсырыс арқылы сатып, алып әлеуметтік әлсіз топтарды орналастырамыз дейді.

Қадиша Беготаева, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары

Ол жерге қоныстанған адамдарды назардан тыс қалдырмаймыз. Бұған дейін де өзім бірнеше рет барып кездесу ұйымдастырғанмын. Барлық қателіктер түзеледі. Кепіл мерзімі өтіп кеткен үйлердің мәселесі бойыншща да біз өз құқығымызды пайдаланып мердігерді сотқа бере аламыз.

Қазір күн жылынғанме, алдағы қыстың да ауылы алыс емес. Тұрғындар оған дейін үйіміздің жағдайы дұрысталар деген үмітте.