Павлодарлық үш ұстаз республикалық байқауда топ жарып білім беру ұйымының «Үздік педагог» атағын жеңіп алды. Республика бойынша 123 мұғалім бақ сынаған. Облыс намысын қорғаған жеңімпаздар «Жаңа күн» бағдарламасында қонақта болды.


Қазақстандық ұстаздар үшін бәсекелесьікке толы додаға Павлодар қаласынан бір ұстаз, ауыл мүғалімі және мектеп жанындағы шағын орталық тәрбиешісі қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Ауылда оқушылардың физика, информатика пәндері мен робототехника саласына зор қызығушылығын оятып, бүгінде шәкірттері түрлі жарыстада топ жарған баянауылдық ұстаз

Асқар Аюпов, Мәшхүр Жүсіп Көпеев атындағы ЖОББМ информатика пәні мұғалімі:

Біздер үлгіміз. Ауылдық мектептерден де шығуға болады. Марапатқада ие болуға болады. Мұның барлығы еңбектің арқасында. Ауылдық жерден қашқақтап қажет емес. Ол жерде де Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан секілді балалар көп, осындай балаларды тәрбиелесек Қазақстанға еңюек сіңіренімізге жетпес ештене.

Сондай-ақ, «Үздік педагог» атағына Май ауданынан қатысқан тәрбиеші жеңіске жетті. Еңбек жолының 16 жылын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаз елорда төрінде мектепке дейінгі балаларға ашық сабақ беріп жоғары бағаға ие болған.

Гүлжанат Түлкина, Қазан ЖОББМ жанындағы шағын орталықтың тәрбиешісі:

Балалар сабақты жазып қана қоймады, ойын түрінде бір-біріне кіріктіріліп отырып, осы тақырыпты нәтижеге жеткізе алдық. Әділ қазы мүшесі марапаттан кейін келіп, осы сабақтың дұрыс таңдалғаны, ұлттық бағытта ауылдың иісі шықты деп үлкен баға қойды, өте ризамын.

Жадыра жас маман, шаһарымыздағы Жұмабек Ташенов атындағы ЖОББМ-нің биология пәнінен сабақ береді. Ана жолын қуып ұстаздық жолды таңдаған. Үлгі алар жаннан бойға сіңіргенім көп деп бөлісті.

Жадыра Қабиева, Жұмабек Тәшенов атындағы ЖОББМ биология пәні мұғалімі:

Бір таңқалатыным анама өзінің балаларымен балалар арасында мейрімділік пен махаббат толы көзқарастарын көріп өстім. Дл осындай көз қарасты өзімнің шәкірттеріме десыйлағым келді.

Бірінші кезеңнен сәтті өткен педагогтар Астана қаласындағы білім беру ордаларында ашық сабақ берген. Республикалық байқаудың ережесіне сәйкес жеңімпаз атанған педагогке 1000АЕК көлемінде бір реттік сыйақы тағайындалып, білім беру ұйымының үздік педагогі төсбелгісімен марапатталды.


Мөлдір Сағидолла