Негізгі Жаңалықтар Жас ұрпақ зиянды әдеттерге қарсы

Жас ұрпақ зиянды әдеттерге қарсы

Ақсу қаласында «Есірткіге қарсы туризм» атты қалалық слёт өтті. Іс-шараға қатысқан оқушылар қай қырынан көрініп, дағдыларын байқатты? Бұл туралы әріптесім баяндайды.


Балалардың сабақтан тыс уақытын тиімді өткізуі маңызды. Осы бағытта Ақсуда «Құқықбұзушылықсыз мектеп» жобасы аясында «Ақсу» эко-техно орталығында туристік слёт ұйымдастырылды. 

Салтанатты ашылу рәсіміне әкімдік пен білім беру ұйымдарының өкілдері, қаланың құрметті азаматтары мен түрлі сала ардагерлері жиналды. Олар оқушыларға қолдау көрсетіп, сәттілік тіледі.

Бұл додаға Ақсу қаласы мен ауылдық аймағындағы ауылдардан он сегіз команда жиналды. Олар 7 алаңда түрлі тапсырмалар орындай отыра, білімі мен ептілік, мықтылық сынды қабілеттерін көрсетті.

Барлық команда белсенділік танытып, үздік атануға тырысып бақты. Әр кезең бойынша қазылар алқасы ұпайлар беріп, соңында жеңімпазды анықтады.


Жұлдыз Қабылденова



Бөлісу