Ата-аналар мен бүлдіршіндер күзгі асарда бас қосты
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Таза Қазақстан» акциясы аясында Кенжекөл ауылының №20 сәбилер бақшасында «Күзгі асар» іс-шарасы өтті. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, еңбекқорлық пен өзара көмек мәдениетін қалыптастыруды көздеген бастамаға бүлдіршіндердің ата-аналары, педагогтер мен қала тұрғындары қатысты. Толығырақ тілші әңгімесінде.
Кенжекөл ауылының №20 сәбилер бақшасында «Күзгі асар» — ұлттық дәстүр мен заманауи қоғамдық бастамаларды тоғыстырған тағылымды шара ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушыларға түрлі алаңдар ұсынылып, шығармашылық жұмыстар, қайырымдылық жәрмеңкесі, интерактивті ойындар және тазалық акциясы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, концерттік бағдарлама ұсынылып, балалар өз өнерлерін
Ата-аналар да белсенділік танытып, бүлдіршіндермен бірге түрлі бағыттағы жұмыстарға атсалысты. Қайырымдылық жәрмеңкесі мен ағаш отырғызу арқылы ортақ іске үлес қосып, табиғатқа жанашырлық пен өзара қолдаудың маңызын көрсетті.
Жиын барысында еңбекке баулу, қоршаған ортаны аялау және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету секілді құндылықтарға басымдық берілді. Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеген «Күзгі асар» көпшілікке бірлік пен ынтымақтың мәнін көрсетіп, жас ұрпаққа тағылымды тәрбие беруге бағытталды.
Салтанат Бауыржанқызы