Негізгі Жаңалықтар Қызмет алушылар күні

Қызмет алушылар күні

Павлодарда кезекті рет қызмет аулшылар күні өтті. Бұл жолы шараға денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау саласының мамандары қатысты.

Шара сала мамандарына тікелей сұрақ қойып, мәселерін алға тарту мүмкіндігін берді. Бұл мүмкіндікті тұрғындарп мейлінше белсенді пайдалануға тарысты. Бүгінде мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру жолында бірқатар шаралар атқарылуда. Мәселен телеграм желісіндегі «ЕговКзБот2.0» ресми бот-платформасында «Уәкілетті орган жүгіну» батырмасы әзірленді. 

Назигүл Наскенова, Павлодар облысы мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы

Бұл инновациялық платформа шағым беру, қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар білдіру эәне бюрократиямен күресу тетіктерін ұсынады. Осы платформа арқылы 100 ден астам өтініш келіп түсті. Көбі қызмет мерзімін кешіктіру, негізсіз бас тарту сиқяты бұзушылықтар. Оның ішінде 59 шағым қанағаттандырылды. 

Департамент өкілдері, қызмет сапасын жақсартуға күш салып, халықпен кері байланыс орнатуға мүдделі екендіктерін, әркез ашықтықты қалайтындықтарын айтады. 


Бөлісу