Жүсіпбек Аймауытов театрында премьералар апталығы басталды. Көрермендер әуелі «Күзгі махаббат» комедиясын тамашалады. Ал, премьераға Алматы қаалсынан театр сыншылары мен зерттеушілері де арнайы келген.


Алыстан келген қонақтар алдымен бүгінгі театр әлеміндегі өзгерістер мен жаңашылдықтар, іргелі оқу ордасы мен өңірлер арасындағы байланыс мәселері бойынша аз-кем әңгіме құрды. Басты мәселе, жастардың тетарға келуі. Және оған жол ашу.

Бақыт нұрпейіс, Т. Жүргенов атындағы ҚАЗ ҰӨА профессоры:

Қазіргі кезде облыстық тетарларға мамандарды жіберу мәселесі үлкен мәселеге айналып отырғанын жасырмаймыз. Басты себепетрінің бірі жас мамандарды үймен қамтамасыз ету жағы қолға алынбағандықтан да шыдай алмай қиыншылықтарға тап болып жатады. Бұл Павлодар ғана емес жалпы өңірлерге қатысты мәселе. Кейде әкімдіктер қолдап мамандарды алдырып, театарларын жаңа труппамен толытып жатқан ұжымдар да өте көп.

Десе де Аймауытов театры шығармашылық жолын еш тоқтатқан жоқ. Қатарына үш премьараның ұйымдастырылуы осыны көрсетеді. Көренмендер алғашқы күні Надежда Птушкинаның «Күзгі махаббат» қойылымы ұсынылды.

Ержан Қауланов, режиссер:

Бұл кезінде алпыс пен тоқсаныншы жылдар аралығында ССР, Қазақстан аумағында кәдімгідей біраз жүрген. Бұл пьесаны біраз мен-мен деген театрлар қойған. Солардың репертурарында бір емес он жылға дейін ойналған актерлардың поколениясы ауысып отырған дегендей. Үлкен бір мәселеге, тақырыпқа ие болған.

Бұл қойылымға қайта оралудың өзіндік себебі бар дейді театр ұжымы. Ондағы айтылған ойлар мен көтерілген мәселелер бүгін де маңызды. Дімкәс кемпір мен оның жалғызбасты қызының өміріне өзгеріс әкелген кейіпкер адасқан бақ деуге де болар...

Қойылым барысы сатира мен юморға толы. Осылайша Аймауытов театры жаңа қойымымен өз көрермендерін асыға күтеді.


Жанасыл Серікбол