Павлодар педагогикалық университетінің қабырғасында Әлкей Қаханұлы Марғұланның бюстінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Шараға академиктің қызы Данель Әлейқызы, ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев пен университеттің экс-ректорлары қатысты. Елордалық мейман білім ошағының әлеуетін жоғары бағалап, ақжарма тілегін білдірді.


Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің тарихы тереңде. Іргетасы 1962 жылы қалалық жетінші мектебінде қаланған. Бүгінде ұстаздар ордасы 60 жылдық мерейтойын атап өтуде. Институт 2017 жылы университет атағын алып, үздік 5 педагогикалық оқу ордасының қатарына енді. Биыл мерейтой қарсаңында киелі қара шаңыраққа Ертіс-Баян өңірінен шыққан академик Әлкей Марғұланның есімі беріліп, бюсті ашылып отыр.

Салтанатты шарада академиктің қызы Данель Әлкейқызы сөз алып, ыстық-ықыласын білдірді.

Сонымен қатар, университет қабырғасында жерлесіміз, белгігі ғалым Әбікен Бектұровқа арналған кабинеттің ашылу рәсімі өтті.

Іле, мәртебелі меймандар "Өнегелі ұстаздар" кітаптар сериясының тұсаукесеріне қатысты. Айта кетейік, атамыш кітаптар сериясының 12-сі осыдан 5 жыл бұрын шығарылған. Жалпы Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті осы 60 жыл ішінде 40 мыңнан астам шәкір тәрбиелеп, болашаққа қадам бастырды. Бүгінде 5 мыңнан астам студент білім алуда.


Зұлқарнай Ермұратұлы