Келер жылы Павлодар облысында 30 медициналық кешен бой көтереді. Бүгінге қажетті құжаттар әзірленіп жатыр. Денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысына қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі:

Өздеріңізге белгілі ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөнінде де ұлттық жоба әзірленді. Жобаны іске асру аясында Павлодар облысында 30 алғашқы медициналық санитарлық көмек нысандарын салу жоспарлануда.

Өңірде мемлекет басшысының тапсырмасы келер жылдан бастап жүзеге асады. Павлодар облысында 30 медициналық пункт бой көтермек. Оның ішінде 3-уі жаңадан салынады.

Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының м.а.:

Осы 30 медициналық обьектілердің ішінде 3 ауылдық елді мекенде жаңа медициналық обектілер салынадытн болады. Қалған медициналық обьектілер тозған немесе жалға алынып жатқан ауылдық елді мекендерде салынатын болады. Біздің Павлодар облысында ауылдық елді мекендерде мүлде жоқ деген медициналық пункт ондай мекендер жоқ. Себебі, денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бар. Сол бұйрыққа сәйкес егерде ауылдық мекенде медициналық обьект болмаса, ол жақын орналасқан нормативке сәйкес медициналық обьектіге халық жүгіне алады.

Шалғай жатқан ауыл тұрғындары сапалы медициналық көмекпен қамтылу керек. Қазіргі уақытта барлық медициналық кешеннің жобалық-сметалық құжаты әзірленіп жатыр. Республикалық бюджет есебінен 30 медициналық обьектілердің ішінде 2 дәрігерлік амбулатория, 23 медициналық пункт және 5 фельдшерлік-акушерлік пункт салынады.

Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының м.а.:

Дәрігерлік амбулатория және фельдшерлік акушерлік пункт ауылдық елді мекенде тұрып жатқан халық санына байланысты ашылады. Нормативке сәйкес медициналық пункт кемінде 50 ден 500 ге дейін ал фельдшерлік акушерлік пункт үшін 500 ден 800 ге дейін яғни 800 ден жоғары бұл дәрігерлік амбулатория салынуына тиістігін көрсетеді.

Аймақта кадр мәселесі де өзекті. Өңірде 211 дәрігер жетіспейді. Оның ішінде Павлодар қаласына 101 маман, аудандарға 66 ақ халатты қажет. Әсіресе, кардиолог, педиатр, невропатолог, хирург, гинеколог дәрігерлері тапшы.

Әйгерім Тоқпанқызы