Павлодарда тоғызқұмалақтан Исатай Қапаевты еске алуға арналған республикалық турнир басталды. Чемпион атағы үшін Қазақстанның қала-аудандарынан 84 спортшы бәсекеге түспек. Жастар мен ересектердің қызығушылығын тудырған төл ойын 11 желтоқсанға дейін жалғасады.

Исатай Қапаев - Павлодар облысының тоғызқұмалақ ұлттық ойынын насихаттаушысы мен жанашыры. Көптеген жылдар бойы дәстүрлі түрде Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан бапкерді еске алуға арналған турнир өтеді. Биылғы додаға еліміздің 5 облысынан ең мықты деген 84 спортшы келді. Олардың көпшілігі халықаралық спорт шеберлері мен кандидаттары.

Ербол Нұрханов, бапкер:

Тараз қаласынан 5 шәкірт алып келдім. Бұйырса осы жарыста орында көрінеміз деп үміттенеміз. Жақсы дайындықпен келдік. Бұл жарысқа жан-жақтан мықты қатысушылар да келген. Жанағы спорт шеберлері, ҚР чемпиондары қатысып жатыр. Азияның жастар арасында 2-орын алған қызым бар споршым соны алып келдім ,Чемпион Қазақстан болған Әлдібай Нұрбол деген бар жастар арасында соны алып келдім.

Айтолды Сартай Қызылордадан келген жас қатысушы. Айтулы жарысқа екінші мәрте қатысып отыр. Айтуынша, турнирге жыл сайын келіп, жеңімпаз атануды мақсат етеді.

Айтолды Сартай, қатысушы:

Ойын өте тартысты өтуде. Бірінші тур өтті. Менің қарсыласым – Кетебаева Дамира Павлодар облысының ойыншысы. Ойын өте қызықты.

Биылғы турнирдің ең жас қатысушысы небәрі 11 жаста болса, спортшылардың ең үлкені 80 жасқа аяқ басқан. Республикалық мәртебеге ие болған турнирге қатысушылардың саны жыл санап артып келеді дейді, тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Арыстан Қапаев

Арыстан Қапаев, тоғызқұмалақтан Павлодар облысының вице-президенті:

Мында мықтылар өте көп. 10 астам спорт шеберлері келіп отыр. Халықаралық спорт шеберлері бар мында. Спорт шебердеріне үміткерлер де бар.

Төл ойын 11 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль, грамота жəне ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Ақмаржан Қалымбек