Сұрапыл, зұлмат соғыс қанша адамның өмірін қиып әкетті. Ұрыс даласында елі үшін, келешек ұрпаққа бейбіт өмір сыйлау үшін, қанша боздақ жан тапсырды. Ертіс ауданы Қызылжар ауылының Дүйсембиновтар әулетінен жеті азамат соғысқа аттанып, оралмаған. Ерлікпен қаза тапқан қаһарман батырлардың құрметіне енді облыс орталығындағы Лесная көшесі ағайынды Дүйсембиновтар деп аталады.
Павлодар қаласындағы Лесная көшесі енді ағайынды Дүйсембиновтар көшесі болып аталады. Бұл аудан тұрғындарының көптен бері сұрауы. Ономастикалық комиссияның шешімімен берілді. Ертіс ауданы Қызылжар ауылының Дүйсембиновтар әулетінің жеті боздағы, Мағзұм, Нұрмағамбет, Ахмет, Жақып, Шәйкен, Махмет және немересі Камалиден Ұлы Отан соғысынан оралмады. Майдан шебінде ерлікпен қаза тапты.
Болатбек Шәріпов, Ертіс ауданының әкімі:
Бір шаңырақтан жеті ата. Сол жақтарда қалып қойды. Ол де егемен еліміздің бір бірінші себепкері енді жас ұрпақтарға үлгі болсын, жұртымыз аман, еліміз тыныш болсын.
Қазіргі уақытта 4 жауынгердің жерленген жері анықталды. Үш боздақтың сүйегі табылған жоқ. Зертеу, іздеу шаралары жүріп жатыр.
Елемес Қасенов, ағайынды Дүйсембиновтардың ұрпағы:
Айтатыным бұл әлі аз. Ондай жеті біздің мемлекетте жоқ. Ана жолы Жамбыл облысын көрсетті 4 еу екен. Мен жақсы көрем. Жіберемймін ондай фактілерді. Ондай жоқ. Оның деңгейін көтеріп, бара бара мемлекетке айтып, равительство, Президентке Премьерге кино шығарту керек. вот киноға шықартсақ, ол маған керек емес, ол біздің мемлекетке керек.
Осылайша жауынгер аталарымыздың көрсетіп кеткен ерлігі еш өшпес. Салтанатты шарада олардың ұрым бұтағы, ағайын туыстары сөз сөйлеп, алғысын білдірді. Кейіннен жеті ағайындының рухына арнап ас берілді.
Әйгерім Тоқпанқызы