Мемлекеттік тілдің мәртебесі биік. Тәуелсіздік жылдары қазақ тілін оқытатын орталықтар көптеп ашылды. Бүгінде өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді үйреніп жатыр. Осыған орай Павлодарда «Ана тілі» орталығының ұйымдастырумен қысқы тілдік Глэнпинг өтті.
Қазақ тілін жетік меңгеремін деген азаматтар өзара диалог құрып, қысқы тілдік глэнпингке қатысты. Курс қатысушылары қазақ тілінде ауызекі сөйлеп, тұрмыстық, қоғамда ара қатынас орнату деңгейін оқып жатыр. Қазір «Ана тілі» орталығында өзге ұлт өкілдері, жалғастыру және ресми құжат тілі топтары бар.
Шолпан Кинжикова, «ана тілі» орталығының директоры:
Кез келген осындай сабақтарымызды тек қана кабинетте емес. Онлайн емес, офлайн емес. Осылай көрейк деп, қолға алып жатырмыз. Қарап отырсамыңздар екі деңгейдегі топ орыс тобы қазақтардың өздері тілдеріне шорқақ жиналып алып осы клуб ретінде қарапайым жерде өзіміз қалай сөйлесе аламыз. Өзімізді бір бірімізді қалай таныстыра аламыз. Қажет сөздерін қазірде жалғасын табады. Себебі бізде психологиялық тілдік ойындар болады.
«Ана тілі» орталығы бір жылда 4 мыңнан аса шәкіртке білім береді. Әр топ білім деңгейіне қарай бөлінеді. Тегін және ақылы курстар бар. Наталия Коленко орталықта қазақ тілін 9 ай ішінде меңгеріп алған. Қазақ тілін білу - бұл әрбір азаматтың парызы дейді ол.
Наталия Коленко, «ана тілі» орталығының шәкірті:
Бүгін қысқы Гленпинг іс шарасын өткізіп жатыр. Біз дастархан дайындап жатырмыз. Шай ішіп жатырмыз татулықпен Біздің тобымызда әр кәсіптегі әр жастағы адам бар. Бізді қазақ тілін білуге ұмтылыс біріктіреді. Біздің сабақтарымыз өте қызықты өткізіледі. Әр азамат қазақ тілін білу керек. қазақ тілін үйрену керек. Өйткені бұл мемлекеттік тіл.
Ольга Андрющенко, «ана тілі» орталығының шәкірті:
Ол белсенді метод қолданды. Мысалы, Кьюар код, онлайн ойналараы, және тағы басқа. Бүгін қысқа гленпинг болады. Біз қазақ тілінде сөйлестік. Біз алты ай қазақ тіліне үйреніп келемін.
Шара барысында қатысушылар қазақ тілінде ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптейтін флеш-тренингтер жүргізіп, ойын сабақтарына қатысты. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта бұндай ерешке үлгідегі ашық сабақтарды үнемі өткізбек.
Әйгерім Тоқпанқызы