Елімізде 1 тамыздан бастап ұлттық ауылшаруашылық санағы басталды. Бұл ауқымды науқан екі кезеңде өтеді. Алғашқысы – 1 тамыз бен 31 тамыз аралығында онлайн форматта, ал екінші кезеңі – 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында офлайн түрде жалғасады.

Успен ауданында бұл науқан белсенді жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, шаруа қожалықтары мен тұрғындар санақ.gov.kz порталы арқылы өз бетінше онлайн сауалнама тапсыра алады. Сонымен қатар аудан орталығында және ауылдық округтерде арнайы өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары ашылған.

Жақан Жәкенов, Павлодар облысы ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы

Нақты 1 кезеңі онлайн түрінде тапсырылады. Оған ауыл шаруашылық кәсіпорындар, шаруа қожалықтар және үй шаруашылықтар тапсыру мүмкіндіктері бар. Онлайн режимде. Ол үшін бізде облыс бойынша әртір ауылда әрбір аудан орталығында өзін өзіне қызмет көрсету орталықтары ашылған. Сонда барып тапсырылады. Не болмаса өз үйінен интернетке кіріп, санақ гов кзтке кіріп өз несімен тапсыра алады. Қойылған сұрақтар жеңіл. Ауыр емес, бірінші ауыл шаруашылығ парақтарында 29 сұрақ бар. ... сааға жауап береді.

Бұл науқан еліміздің аграрлық секторының болашағына сөзсіз әсер етеді. «Галицкое» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — бұл салада алдыңғы қатарда келе жатқан шаруашылықтардың бірі. Серіктестік басшысы Александр Касицынның айтуынша, ауыл шаруашылығы саласындағы нақты жағдайды білу аса маңызды. Оның мәліметінше, соңғы 15 жылда елімізде сүт өндірісі 4 есе артқан.

Александр Касицын, «Галицкое» ЖШС-нің басшысы

Бұл —жауапты кезең. Себебі бізге тек мал басы, қанша сиыр, қой немесе тауық бар екенін білу үшін ғана қажет емес. Ең бастысы — ауыл шаруашылығының бүгінгі жағдайын көруіміз керек. Мәліметтер бұрмаланатын болса, онда жұмысымыздың тиімділігін түсіну қиын болады. Сонымен қатар қай бағытта даму керектігін де анықтаймыз.

Успен ауданындағы шаруалар да бұл бастаманы қолдап отыр. «Алдияр» шаруа қожалығының жетекшісі Алдияр Дауылбаев 2002 жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп келеді. Қожалық 17 мың гектар алқапта егін егіп, мал шаруашылығымен айналысады.

Алдияр Дауылбаев, жеке кәсіпкер

Біздің шаруа қожалығымызда ірі қара малдың 300 басқа жуық сосын кіші қара мал ол қой ол да 200 басқа жуық Жылқы бар. Бірақ соңғы жылдары азайды. 20-30 шақты жылқы бар. Құрметті жерлестер еліміздің аграрлық секторының болашағына бірге ұлес қосайық. Тек толық және сенімді деректер ғана округтерінде аграриді дамыту және өмір сүру деңгейін арттыру үшін мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесін дамытуға мүмкіндік береді.

Ауыл тұрғындары халық санағына белсенді қатысуы керек. Себебі бұл шара жай ғана есеп жүргізу емес, елді мекендердің болашағы үшін негіз болатын маңызды қадам.

Әйгерім Тоқпанқызы