Павлодар қаласында дәстүрге айналған шара «Арбалар шеруі» сайысы өтті. Әртүрлі материалдармен безендірілген балалар арбасы бір-бірінен асып түсті. Толығырақ тілшіміз айтсын.

Қалалық саябақ түрлі-түсті арбалардың тұрағына айналды. Балалар арбасы мультфильм кейіпкерлері, бау-бақша өнімдері, барби көлігі, өрт сөндіруші көлік, зымыран, патриоттық нышанда безендірілді. Ата аналар балалары үшін барын салды. Тіпті Ақсудан келгендер де болды.

Әйгерім Әбілқасымова, қатысушы

Коляскалар шеруіне мен Ақсу қаласынан келдім. Жаңалықты естідім де қатысқымыз келді. Қызыма барби көлік жасадық, ұлым супер герой ол самокатпен келді. Қатысамын деген адамға кедергілер жоқ. Мында көбісі көп балалы аналар. Өздеріңіз көріп тқрғандай балалар кедергі емес. Бұл бізге мотивация. Екі күн кетті. Картон, қағаз, қолөнерге арналған көп заттар қолданылды.

Сайыс талабы бойынша ата-аналар мен балалары безендірілген арбаларын алып, ортаға шығып таныстырады. Қиялға шектеу қойылмайды, сәйкесінше әр туынды өзінше әдемі.

Юлия Войнова, қатысушы

Біз мына арбаны төрт күн безендірдік. Ұлымның ең сүйікті мультфильмі – «Синий трактор». Соған ұқсас қылып, көк трактор жасадық. Бірінші рет қатысып тұрмыз. Шараның өтетіні туралы әлеуметтік желі арқылы білдік. Ата аналар жарады, бәрі де әдемі, бәрінің арбасы ерекше, қызықты.

Арбалар шеруі жылына бір рет ұйымдастырылады.

Айгүл Молдаханова, қатысушы

Мен арбаны төрт сағат істедім. Менің ұлым ұшақтарды, көліктерді жақсы көреді. Сондықтан осындай зымыран жасауды жөн көрдім. Үйдегі бар заттарды қолдандым, кейбірін сатып алдым. Байқаудың боларын инстаграмнан білдім.

«Ана үйі» қоры арбалар шеруін осымен 8 жыл қатарынан өткізіп отыр. Биыл шараға 24 қатысушы келіп, бағын сынады.

Салтанат Сипатилова, «Ана үйі» ресурстық орталығының өңірлік маманы

Бүгінгі шараның негзгі мақсаты отбасы құндылықтарын насихаттау. Себебі ата аналар бірге қатысуда. Жеңу үшін бар күш жігерін салады. Қолда бар заттарды пайдаланып олар қатысып жатыр. Осы мақсатта шара өтіп жатыр.

Шеру жеңімпаздарына тұрмыстық техника сыйға тартылды. Ал, қатысушылардың барлығы демеушілердің атынан жүлделерге, сертификаттарға ие болды.

Самал Қалиқызы