Екібастұз ауылдық аймағы Ақкөл ауылының іргесі қаланғанына биыл тоқсан жыл. Осыған орай ауқымды шара ұйымдастырылып, ат шаптырылды, көкпар тартылды. Елуге жуық киіз үй тігілген этноауыл аймағында ұлттық ойындар сайысы өтіп, жергілікті және елімізге танымал өнерпаздар тойшыл қауымға концерттік бағдарлама ұсынды.

Әулиелі топырақта негізі қаланған елдімекеннің тойында жұртшылық облыстың шартарабынан көп жиналды. Этноауыл төріне сахна құрылып, алдымен жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды. Екібастұз әншілер туған жердің қадірі, туған елдің киесі жайлы әндерді шырқап, үлкеннің де, кішінің де көңілін желпіп, жан сарайын ашты. Тойға облыс әкімі Асайын Байханов та арнайы келіп құттықтады.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазаты сақтау үшін ең алдымена ауылды сақтауымыз керек деген өрелі сөзі бар. Ақкөл - Сарыарқаның жүрегінде орналасқан текті тұлғалардың аймағы, қаймағы бұзылмаған ауылдардың бірі. Ақкөл-Жайылма белгілі философ, абыз Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ұстазы болған Исабек Ишан хазіретті бауырына басқан ұлы мекен. Киелі мекен бүгін де қарқынды дамуда. Ауылымыздың абыройы зор болып, берекесі арта берсін, мереке құтты болсын.

Артынша аймақ басшысы бірқатар ардагерлерді құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапаттады. Олар саналы ғұмырларын еңбек жолына арнап, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп жүрген жандар. Туып-өскен ауылдары көз алдарында қайта көркейіп жатыр. Заманның барлық жетістігіне ілесіп 90 жылдығына да жеттті. Марапаттау рәсімі аяқталған соң облыс әкімі тойға тарту жасап, 5 млн теңгенің сертификатын табыстады. Салтанатты шарадан соң Иса Байзақов атындағы облыстық филармония әншілері концерттік бағдарлама ұсынды. Ән шашу жасады. Осы топырақтың ұланы Естай әні де шырқалды. Тойға қонақ ретінде елімізге танымал әнші Қуандық Рахым да келіп өнер көрсетті.

Этноауыл маңында халық мол. Ауылдықтарды осынау қуанышпен құттықтау үшін облыстың әр ауданынан жұртшылық жиналған.

Қуаныш Байханов, Баянауыл ауданының тұрғыны

Мен Баянауыл ауданы, Мәшһүр Жүсіп Көпеев атаның ауылынан келдім аранйы. Осы тойда болайық, осы тойды көрейік деп. Жасым тоқсанда Ақкөл – Жайылманың 90 жылдығы қайырлы, құтты болсын! Еліміз, халқымыз аман болсын! Исабек ишан, жандарбек қожанығ аруағына құдай рахым етсін! Жақсылық болсын!

Қалиақбар Асылбеков, Баянауыл ауданының тұрғыны

Қасиетті жер, Исабек ишан бабамыздың жатқан жері. Мәшһүр Жүсіп бабамыз Исабек ишан қайтыс болғанда поэма арнаған. Еліне, халқына амандық, саулық тілеймін. Халықтар көркейе берсін, еліміз көркейе берсін!

Этноауыл аумағында спорттық бәсекелерде ұйымдастырылды. балуандар кресі, тойдың көркін қыздырды. Сом білекті балуандар қазақ күресінің жетістігін айшықтай түсті. Ал, бір жақта садақшылар сайысы ұйымдастырылды. Олар да ұлттық спорттың айбарын асқақтатты. Сонымен қатар, арқан тарту, асық ату спортынан да сайыстар ұйымдастырылды.

Этноауылда 50 ге жуық киіз үй тігілді. Әр үйге ауыл тұрғындары мен тумалары тігіп, көпшілікке ас ұсынды.

Нәсіп Малыбаева, Екібастұз қаласының тұрғыны

Осының бәрі халықтың ауызбіршілігі деп ойлаймын. Осындай бірлік әрқашанда болсын! Көргеніміз той болсын! Қазақстанымыз бай, тойымыз үзілмесін! Бүгінгі көрсетіліп жатқан ұлттық әстүр, ойындар кейінгі ұрпаққа үлгі болсын!

Тоқсан жылдық тойға Аккөл ауылы үлкен жетістіктермен келді. Ауылға баратын жол жөнделді. Елдімекеннің көшелеріне де асфаль тартылды. Халыққа қажетті әлеуметтік нысандар, спорт алаңдары іске қосылды.

Ерлан Қабылтаев, ақкөл ауылдық округінің әкімі

Бес көше асфальтталды. 2 футбол алаңы салынды. 2 балалар ойын алаңы. Жарықтандыру. Оған қрс көптеген көгалдандыр жұмыстары жүрді. «Алтын ауылым-алын бесігім» мүсіні салынып бітті. Бұл ауыл түлектерінің арқасында.

Той әрмен қарай ұлттық ат спорты бәсекесіне ұласты. Алдымен көкпаршылар сынға түсті. Облыстың үздік командалары жүлдерерді сарапқа салды. Тартыс бәсекелерден соң Ақтоғай ауданының командасы үшінші орын, Май ауданының командасы екінші орын. Ал, Ақкөл ауылының командасы бірінші орынды иеленді. Сонымен қатар, тай, құнан, тоқ бәйге, аламан бәйге түрлері де ұйымдастырылып жұлдегерлерге автокөліктер табысталды.

Жанасыл Серікбол