Павлодарда өткен Бірінші лига ойынының 16-турында «Ертіс» «Шахтер» командасымен ойнады. Бұл матч турнир кестесіндегі тікелей бәсекелестердің кездесуіне айналды. Ойын алдында Павлодарлықтар Қарағандылықтардан бар болғаны бір ұпайға ғана алда еді.Ойынның соны қандай нәтижемен аяқталғаны келесі сюжетте.
Алаң иелері алғашқы минуттардан-ақ шабуылды үдете түсті. 7-минутта стандартты жағдайдан кейін Еркебұлан Тұңғышбаев есеп ашты. Ал бірінші таймның соңында Нұрғайни Бүрібаев Тамерлан Ағимановқа тамаша пас шығарып, ол есепті 2:0-ге жеткізді.
Еркебұлан Тұңғышбаев, «Ертіс» ФК шабуылшысы
Әрине ойын өте қиын болды. Біздің прямой қарсылас болған соң 6 ұпайға ойнадық.Ойын жақсы басталды,есепті бірінші болып біз аштық. Одан кейін есепті еселедік.Кейін бір гол жіберіп алған соң сәл қобалжу басталды.Одан кейін 3 голды соғып,ойынды жаптық деп ойлаймын. Павлодардың жанкүйерлері өте керемет.Қолдауды сезіндік стадион толып тамаша қолдау көрсетті.Жанкүйерлердің арқасында осы жеңіске қол жеткіздік деп ойлаймын.
Екінші таймда да тартыс жалғасты. 75-минутта «Шахтер» ойыншысы Арман Нүсіптің соққысы маңдайшаға тиіп, Диас Қалыбаев допқа бірінші жетті. Есеп 2:1 болды. Ал шешуші голды Еркебұлан Тұңғышбаев соқты. Ол ойынның соңына қарай Владислав Васильевтің пасынан кейін дубль жасап, қорытынды есепті 3:1 етіп, Ертіс командасына жеңіс сыйлады. Осы жеңістен кейін «Ертіс» 36 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Қазір көш басында – 41 ұпаймен «Каспий», үшінші орында 35 ұпаймен «Алтай-Өскемен» клубы тұр. Айта кетейік, 8 тамыз күні Павлодарлық команда сырт алаңда Алматылық AKAS клубымен кездеседі.
Дильназ Қуанышбекқызы